바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Мәдени орталықтың түрлі шаралары

Іс-шаралар

Дәстүр мен заманауи үндестігі: Қазақстанда кореялық NUMORI фьюжн тобының концерті өтті
Іс-шаралар Дәстүр мен заманауи үндестігі: Қазақстанда кореялық NUMORI фьюжн тобының концерті өтті

26 қазанда Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымымен бірлесіп, оңтүстіккореялық NUMORI фьюжн тобының өнер кешін өткізді. Қазақстан Республикасының күніне орай өткен мәдени іс-шаралар қатарындағы бұл өнер кешінде оңтүстіккореялық NUMORI және қазақстандық Saz&Soul вокалды-аспаптық тобы бір сахнада бас қосты. Қос ұжым ұлттық музыкалық мұраны заманауи әуендермен сабақтастырып, екі ел музыкасының өзіндік бояуын жаңа қырынан танытты. Кеш шымылдығын Saz&Soul тобы ашып, қазақ музыкалық шығармаларын өзіндік мәнерде орындады. Одан әрі сахна төріне NUMORI көтеріліп, корей музыкасына тән дәстүрлі ырғақтар мен ұрмалы аспаптардың үнін рок, поп және электронды музыка элементтерімен шебер үйлестірді. Осы арқылы көрермен қауымға заманауи гугактың жарқын да өзіндік музыкалық әлемін ұсынды. Бағдарламаның ерекше тұсы – қос ел өнерпаздарының бір-бірінің ұлттық музыкалық мұрасына ден қоюы болды. Saz&Soul корей халқының дәстүрлі «Ариран» әнін орындаса, NUMORI қазақтың «Назқоңыр» дәстүрлі туындысын өзіндік нақышта ұсынып, кештің көркін қыздырды. Екі ұжымның бір-бірінің ұлттық музыкасын өз мәнерінде орындауы Корея мен Қазақстан мәдениетіне деген өзара қызығушылық пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Корей тілі курсы

2026 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСТАРЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ
Корей тілі курсы 2026 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСТАРЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ

Корей мәдени орталығы 2026 жылғы корей тілі курстарының күзгі семестріне тіркелу басталатынын хабарлайды.  Төмендегі хабарландырумен мұқият танысып, тіркелуге алдын ала дайындалуыңызды сұраймыз.   КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ — Оқу кезеңі: 2026 жылғы 5 қыркүйек (сенбі) – 10 желтоқсан (бейсенбі) аралығы Ескерту! 2026 жылғы 7–10 желтоқсан аралығында үлгерімді бағалау (қорытынды тест), ал 11 желтоқсанда сертификат табыстау рәсімі өтеді.  Курстарға тіркелер алдында осы күндерді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз. Қорытынды тестке қатыспаған тыңдаушыларға курс аяқталғаны туралы сертификат берілмейді. — Оқу орны: Корей мәдени орталығы, Иманов көшесі, 13 — Жас шектеуі: 13 жастан бастап (2013 жылғы 5 қыркүйекке дейін туғандар) — Оқу ақысы: 20 000 теңге   БАСТАУЫШ ДЕҢГЕЙГЕ ТІРКЕЛУ (1А ДЕҢГЕЙІ) 1) Деңгейді анықтау тесті (қажет болған жағдайда) 2) Корей мәдени орталығына келіп, тіркеу өтінімін толтыру 3) Оқу ақысын төлеу, фотосурет (3,5 × 4,5 см, паспорт үлгісінде) және куәлік Оқу ақысын төлеу мерзімі: 2026 жылғы 15–21 тамыз, сағат 10:00–17:00   Ескерту! — Түскі үзіліс: 12:30–13:30 — 15 тамызды (сенбі) қоспағанда, демалыс күндері төлем қабылданбайды. — Оқу ақысы тек қолма-қол ақшамен қабылданады (банк арқылы аударым жасауға болмайды). — Жаңа тыңдаушылар онлайн тіркеле алмайды. Тіркелу тек Мәдениет орталығына жеке келу арқылы жүзеге асырылады. — Орын саны шектеулі (оқу ақысын бірінші болып төлегендер қабылданады).   ЖАЛҒАСТЫРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТІРКЕЛУ (1B ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛЕР) 1) Сілтеме арқылы онлайн тіркелу: СІЛТЕМЕ 2) Сауалнаманы толтыру (сауалнама қосымшада берілген). 3) Оқу ақысын төлеу және құжаттарды тапсыру. ОНЛАЙН ТІРКЕЛУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 1) Фотосурет: 3,5 × 4,5 см, паспорт үлгісінде, JPG немесе PNG форматында, файл көлемі 200 КБ-тан аспауы тиіс. 2) Жеке электрондық пошта мекенжайы Gmail Ескерту! Әр тыңдаушы бір аккаунтты пайдалануы қажет. Өткен семестрде тіркелген аккаунтты қолдану маңызды. Онлайн тіркелу кезеңі: 2026 жылғы 14 тамыз, сағат 12:00-ден бастап 21 тамыз 12:00-ге дейін Тіркеу жарнасын төлеу кезеңі: 2026 жылғы 15–21 тамыз, сағат 10:00–17:00 — Түскі үзіліс кезінде (12:30-дан 13:30-ға дейін) және жексенбіде төлем қабылданбайды. — Онлайн тіркеуден кейін оқу ақысы мерзімінде төленбесе, тіркеу күші жойылады. — Орын саны шектеулі. Орындар төлемнің түсу ретіне қарай беріледі. — Оқу ақысы: 20 000 теңге (қайтарылмайды). — Оқу ақысы тек қолма-қол төленеді, банк аударымы қабылданбайды. ДЕҢГЕЙДІ АНЫҚТАУ ТЕСТІ 1B және одан жоғары деңгейге тіркелу кезінде төмендегі жағдайларда алдын ала деңгей анықтау тестінен өту қажет: — Корей тілі курсын Институт Седжонда аяқтағаны туралы сертификаты жоқ жаңа тыңдаушылар үшін; — бұрын басқа оқу орындарында оқыған тыңдаушылар үшін; — соңғы екі жыл ішінде курсты аяқтағаны туралы сертификаты жоқ тыңдаушылар үшін. Аталған жағдайларда алдыңғы деңгейді аяқтағаны туралы сертификатты ұсыну немесе Корей мәдени орталығында деңгей анықтау тестінен өту қажет. Деңгейді анықтау тестін өткізу мерзімі: — 2026 жылғы 13 тамыз (бейсенбі) — 10:30–16:30 (түскі үзіліс: 12:30–13:30) — 2026 жылғы 15 тамыз (сенбі) — 10:30–15:30 (түскі үзіліс: 12:30–13:30) — 2026 жылғы 17–21 тамыз — 10:30–16:30 (түскі үзіліс: 12:30–13:30) Алдын ала жазылу қажет: онлайн СІЛТЕМЕ арқылы немесе +7-7172-901-113 нөмірі бойынша телефон арқылы алдын ала жазылу қажет (бір күн бұрын). Деңгей анықтау тестінің ұзақтығы: 30 минут: жазбаша бөлім — 20 минут, ауызша бөлім — 10 минут. — Жазғы семестрдің емтиханынан, яғни қорытынды үлгерім бағалауынан өтпеген тыңдаушылар деңгей анықтау тестіне жіберілмейді. — Деңгей анықтау тесті тек 1B–3А деңгейлері бойынша өткізіледі. Тіркелу үшін қажетті құжаттар: 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік). 2. Оқу ақысы 20 000 теңге. 3. Фотосурет. — 1А деңгейі үшін: паспорт үлгісіндегі фотосурет 1 дана: 3,5 × 4,5 см. — 1B және одан жоғары деңгейлер үшін: паспорт үлгісіндегі фотосурет: 3,5 × 4,5 см, JPG немесе PNG форматында, файл көлемі 200 КБ-тан аспауы тиіс. Алдыңғы деңгейді аяқтағаны туралы сертификат немесе деңгей анықтау тестінің нәтижесі 1B және одан жоғары деңгейлер үшін. Толтырылған сауалнама (1B және одан жоғары деңгейлер үшін). Ескерту! Сауалнаманы тіркелген файлдан жүктеп алуға болады.   САБАҚ КЕСТЕСІ Сабақ уақыты/ Время занятий Дүйсенбі/Сәрсенбі Понедельник/Среда Сейсенбі/Бейсенбі Вторник/Четверг Сабақ уақыты/ Время занятий   Сенбі/Суббота Аудитория 1 Аудитория 2 Аудитория 1 Аудитория 2 Аудитория 1 Аудитория 2 11:00-12:30     1A-1     -     1В-1     - 10:00-13:00     1A-6     2А-3 15:00-16:30     1A-2     2А-1     1В-2     1A-5 14:00-17:00     1В-4     2В-2 16:40-18:10     1A-3     2А-2     1В-3     2В-1       18:30-20:00     1A-4     3A-1     3В-1     4А-1       Ескерту! Корей тілі курстарының күзгі семестрі тек Корей мәдени орталығында өтеді. Өтінім бермес бұрын сабақ кестесімен мұқият танысуыңызды сұраймыз. Ескерту!  — Аталған курс Седжон институтының корей тілі 3B деңгейін аяқтаған тыңдаушыларға немесе TOPIK 3-деңгейі және одан жоғары деңгейдегі тыңдаушыларға арналған. Тіркеу құжаттарын тапсыру кезінде 3B деңгейін аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесін немесе TOPIK 3-деңгейі және одан жоғары сертификаттың көшірмесін қоса ұсыну қажет. — Өтінім берушілер саны 10 адамнан аз болған жағдайда, аталған курс жабылуы мүмкін. — Корей мәдени орталығының жағдайына байланысты курс бағдарламасына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өзгерістер болған жағдайда, ақпарат семестр басталғанға дейін 10 күн бұрын хабарланады. — Семестр басталғаннан кейінгі алғашқы апта ішінде сол деңгейдегі басқа топқа ауысуға болады, егер басқа уақытта бос орын болған жағдайда. — Белгіленген тіркеу кезеңінен тыс уақытта тіркеу жарнасы қайтарылмайды. Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөмірі немесе электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 901-113 / koreanculture@mail.ru.

2026 жылғы корей тілінде шығарма байқауының жеңімпаздары
Корей тілі курсы 2026 жылғы корей тілінде шығарма байқауының жеңімпаздары

Корей мәдени орталығы корей тілінде шығарма байқауының жеңімпаздарын жариялайды. Санат Аты-жөні корей тілінде Аты-жөні қазақ тілінде I дәрежелі ДИПЛОМ  작실릭 아크보페  Жақсылық Ақбөпе II дәрежелі ДИПЛОМ  듀셈비나 바흐트굴  Дюсембина Бахтыгуль III дәрежелі ДИПЛОМ  무바락 아루잔  Мүбәрәк Аружан  Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, ал қатысушыларға сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталады (әр қатысушыға бөлек жеке поштасына жіберіледі). Сыйлықтар мен сертификаттарды 2026 жылдың 1–12 маусым аралығында, сағат 10:00–17:00-де сағат (түскі үзіліс: 12:30~13:30) Корей мәдени орталығынан алып кетулеріңізді сұраймыз. *Байқауға қатысқан қатысушыларға электрондық пошта арқылы жеке хат жолданады. Ал басқа қалаларда тұратын қатысушылардың дипломдары мен сыйлықтары жеке хабарлама жіберілгеннен кейін пошта арқылы жолданады. 2026 жылғы корей тілінде шығарма байқауына қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.

Шешендік өнер байқауының іріктеу кезеңі қатысушыларының тізімі.
Корей тілі курсы Шешендік өнер байқауының іріктеу кезеңі қатысушыларының тізімі.

Корей мәдени орталығында 2026 жылғы корей тілі бойынша шешендік өнер байқауының іріктеу кезеңі өтеді. Күні / орны: 2026 жылғы 20 мамыр, сәрсенбі, 18:30 / Корей мәдени орталығы Корей тілі бойынша шешендік өнер байқауының іріктеу кезеңіне өткен қатысушылар тізімін жариялаймыз. Санат Корей тіліндегі аты-жөні Қазақ/орыс тіліндегі аты-жөні Бастауыш деңгей 젤릴로바 카리나 Джелилова Карина 사이라우바이 다미라 Сайлаубай Дамира 아디카모바 자나라 Адыкамова Жанара 에릭크즈 아이음잔 Ерікқызы Айымжан 디한바이 옐누르 Диханбай Елнұр 카케노바 아이자라 Какенова Айзара Орта деңгей 구마로바 마르잔 Гумарова Маржан 알리베코바 막팔 Алибекова Мақпал 무랏칼리 사야 Мураткали Сая 자우가쇼바 아이켄 Жаугашова Айкен 카이니케쉬 누라이 Кайникеш Нурай 다니야로바 줄드자이 Даниярова Жулдызай 예르벌라트 굴림 Эрболат Гүлім 듀셈비나 바흐트굴 Дюсембина Бахтыгуль 예스벌간 아데미 Есболған Әдемі 타우에셰바 아이게림 Тауешева Айгерим * Бұл тізім өтінім беру реті бойынша жасалған және қатысушылардың рейтингіне қатысы жоқ. ** Қатысушылардың сөйлеу реті байқау өтетін күні анықталады. Іріктеу кезеңіне өткен қатысушылармен жеке байланыс орнатылады. Сондай-ақ байқаудан кейін «шығарма» бағыты бойынша нәтижелер жарияланатын болады, сондықтан алдағы хабарландыруларды қадағалап отыруыңызды сұраймыз. Байқауға қатысуға өтінім берген Седжоң институтының тыңдаушыларына алғыс білдіреміз.

Мәдени курстар

2026 ЖЫЛҒЫ КҮЗГІ СЕМЕСТРДІҢ МӘДЕНИ КУРСТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ
Мәдени курстар 2026 ЖЫЛҒЫ КҮЗГІ СЕМЕСТРДІҢ МӘДЕНИ КУРСТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ

Корей мәдени орталығы 2026 жылғы күзгі семестрге мәдени курстарына қабылдау басталғанын хабарлайды. Оқу мерзімі: 2026 жылғы 28 қыркүйек (дүйсенбі) – 10 желтоқсан (бейсенбі) ※ 11 желтоқсанда (жұма) сертификаттарды табыстау рәсімі өтеді. Курсты аяқтағаны туралы сертификат алу үшін табыстау рәсіміндегі қорытынды концертке қатысу міндетті.  Курсқа тіркелу кезінде аталған күнді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз. Өтетін орны: Корей мәдени орталығы Қатысушыларға қойылатын талап: 13 жастан бастап (2013 жылғы 29 қыркүйекке дейін туған тұлғалар) Оқу ақысы: 10 000 теңге Тіркелу тәртібі ① Корей мәдени орталығына келіп, өтінім толтыру. ② Тіркелу ақысын төлеу. Төлем қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 қыркүйек (сейсенбі) – 18 қыркүйек (жұма), сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ※ Түскі үзіліс кезінде (12:30–13:30), сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері төлем қабылданбайды. ※ Төлем тек қолма-қол ақшамен қабылданады. Банк арқылы аударым жасау қарастырылмаған. ※ Қатысушылар саны шектеулі. Тіркелу төлем жасаған кезек тәртібі бойынша жүргізіледі. Тіркелу үшін қажетті құжаттар 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік жарамды); 2. Тіркелу ақысы — 10 000 теңге; 3. 3,5 × 4,5 см көлеміндегі фотосурет. Сабақ кестесі Күндер Сабақ уақыты Сабақ Дс / Ср 18:30–20:00 K-POP биі Сс / Бс 14:00–15:00 Дәстүрлі би (ересектер тобы) Сс / Бс 18:00–19:00 Дәстүрлі би (жасөспірімдер тобы) ※ Тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін төленген қаражат қайтарылмайды. Қосымша сұрақтар бойынша: +7 (7172) 901-113 koreanculture@mail.ru

2026 жылғы Седжон мәдени академиясы
Мәдени курстар 2026 жылғы Седжон мәдени академиясы

Корея мәдени орталығы «2026 жылғы Седжон мәдени академиясы» бағдарламасының өткізілетінін хабарлайды.   Баршаңызды корейлік ханбок маманының «Ханбок мәдениеті және дәстүрлі әшекей бұйымдарын жасау» атты шеберлік сабағына қатысуға шақырамыз. Бағдарлама Ханбок және дәстүрлі әшекей бұйымдары туралы теориялық дәріс Ханбокқа арналған дәстүрлі әшекей бұйымдарын жасау бойынша практикалық шеберлік сабағы Сабақ кестесі Күні Уақыты Қатысушылар саны Қатысушылар 31 шілде (жұма) 14:30–17:00 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар 31 шілде (жұма) 18:30–21:00 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар 1 тамыз (сенбі) 10:30–13:00 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар 1 тамыз (сенбі) 14:00–16:30 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар Өтетін орны: Корей мәдени орталығы Қатысушылар саны: Әр шеберлік сабағына 30 адамнан Тіркелу мерзімі: 27–30 шілде, сағат 10:00–17:00 (түскі үзіліс: 12:30–13:30) Өтініш беру тәртібі: Корей мәдени орталығына келіп, тіркеу формасын толтыру * Бір адам тек бір шеберлік сабағына ғана тіркеле алады. * Тіркелу кезек тәртібімен жүргізіледі және орындар толған жағдайда мерзімінен бұрын жабылуы мүмкін. Барлық орын толғаннан кейін күту тізімі жасалады. * Сабақ кестесі Орталықтың ішкі жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығының («Кугак») шетелде корей дәстүрлі өнерін оқыту бағдарламасы аясындағы корейдің дәстүрлі мәдениеті бойынша шеберлік сабағы
Мәдени курстар Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығының («Кугак») шетелде корей дәстүрлі өнерін оқыту бағдарламасы аясындағы корейдің дәстүрлі мәдениеті бойынша шеберлік сабағы

29 маусым мен 9 шілде аралығында Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығымен («Кугак») бірлесіп, шетелде корейдің дәстүрлі өнерін оқыту бағдарламасы аясында Қазақстанның 13 өңіріндегі корей қауымдастықтарының шығармашылық ұжымдарына арналған Корей дәстүрлі мәдениеті бойынша шеберлік сабағын және сертификаттар табыстау рәсімін өткізді. Қазақстандағы корей диаспорасы арасында дәстүрлі корей мәдениетін сақтауға және өңірлік корей қауымдастықтарының корей мәдени мұрасын насихаттау қызметіне қолдау көрсету мақсатында Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығының («Кугак») оқытушылары Ким Су Ён мен Ким Хе Ёнды шақырды. Олар он күн бойы 80-нен астам қатысушыға самульнори мен желпуіш биі бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Алдағы уақытта да Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығымен («Кугак») бірлесіп шетелдегі оқыту бағдарламасы аясында осындай шеберлік сабақтарын ұйымдастыруды жалғастырып, Қазақстандағы дәстүрлі корей мәдениетін сақтау мен насихаттауға қолдау көрсететін болады.

2026 K-POP Academy бағдарламасына қабылдау туралы хабарландыру
Мәдени курстар 2026 K-POP Academy бағдарламасына қабылдау туралы хабарландыру

Корей мәдени орталығы 2026 K-POP Academy бағдарламасына қатысушыларды қабылдау басталғанын хабарлайды. K-POP биінен тәжірибесі бар барлық ниет білдірушілерді кәсіби кореялық хореографтың жетекшілігімен өтетін екі апталық оқу бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Оқу мерзімі: 2026 жылғы 3 тамыз (дүйсенбі) – 13 тамыз (бейсенбі) Өтетін орны: Корей мәдени орталығы (Иманов көшесі, 13) Қатысушыларға қойылатын талаптар: – Қазақстан Республикасының азаматтары; – 15 жастан жоғары; – K-POP биі бойынша тәжірибесі бар (орта деңгейден төмен емес). Қатысушылар саны: әр топқа шамамен 20 адам Оқу ақысы: 10 000 теңге (қолма-қол төлем) Тіркелу тәртібі: Онлайн тіркелу → Топтарға бөлу → Офлайн тіркелу 1. Онлайн тіркелу: 2026 жылғы 2 шілде (бейсенбі) – 9 шілде (бейсенбі) Google Form-ды толтырып, ұзақтығы шамамен 1 минут болатын K-POP cover dance бейнежазбасын тіркеу қажет. Онлайн тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/WaTjpk9NvBiE5dKAA 2. Топтарға бөлу: 2026 жылғы 13 шілде (дүйсенбі) Қатысушылар ұсынылған K-POP cover dance бейнежазбалары негізінде мамандар тарапынан топтарға бөлінеді. 3. Офлайн тіркелу: 2026 жылғы 13 шілде (дүйсенбі) – 16 шілде (бейсенбі) Корей мәдени орталығына келіп, өтінішті толтырып, тіркеу жарнасын төлеу қажет (жеке куәлік пен фотосуретті бірге алып келу керек). Сабақ кестесі Сабақ уақыты Сабақ (03.08–13.08) Ескерту 14:00–17:00 K-POP Dance 1 Тек топтарға бөлінгеннен кейін ғана тіркелуге болады 17:30–20:30 K-POP Dance 2 Назар аударыңыз ※ Топтарға бөлу ұсынылған бейнежазбалар негізінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сабақ уақыты өзгеруі мүмкін. ※ K-POP Academy қатысушылары 2026 жылғы 14 тамызда (жұма) өтетін жазғы семестрдің жабылу салтанатына міндетті түрде қатысуы тиіс. Егер бұл іс-шараға қатысу мүмкін болмаса, бағдарламаға қатысуға рұқсат берілмейді және сертификат табысталмайды. ※ Орын саны шектеулі болғандықтан, тіркелу мерзімінен бұрын жабылуы мүмкін. Негізгі қабылдау аяқталғаннан кейін күту тізімі жасалады. ※ Бірінші сабаққа себепсіз келмеген жағдайда тіркеу күші жойылып, орын күту тізіміндегі келесі қатысушыға беріледі. Бұл жағдайда тіркеу жарнасы қайтарылмайды. ※ Корей мәдени орталығының жағдайына байланысты сабақ кестесі мен өткізу орны өзгеруі мүмкін. Сабақтар тоқтатылған жағдайда тіркеу жарнасы толық көлемде қайтарылады. Сертификат алу шарттары – Сабақтардың кемінде 90%-ына қатысу; – 2026 жылғы 14 тамызда (жұма) өтетін жазғы семестрдің жабылу салтанатына міндетті түрде қатысу.

Мәдениет орталығының жаңалықтары

Орталық туралы

  • Жұмыс уақыты

    Дс.–жм. 09:00–22:00, сб.–жс. 10:00–22:00

  • Телефон

KOREA.net