바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Донг-А медиа және өнер университеті өкілдерімен кездесу

    ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Oct 15, 2026

15 қазанда Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығының директоры Ли Джомхо Орталыққа арнайы келген Донг-А өнер және медиа университетінің халықаралық ынтымақтастық және студенттерді қабылдау басқармасының директоры Кан Бо Ёнмен және K-Wave корей тілі институтының директоры Ли Джун Гумен кездесті.

Сапар барысында Ли Джомхо қонақтарды Корей мәдени орталығының негізгі нысандарымен және басты қызмет бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ тараптар Қазақстанда корей мәдениетін кеңінен таныту және мәдени-өнер іс-шараларын өткізу саласындағы өзара ынтымақтастықтың алдағы бағыттары жөнінде пікір алмасты.



동아방송예술대학문화원방문