Корея туралы
Корей түбегінің орналасуы мен географиясы
Корей түбегі Еуразия құрлығының шығыс бөлігінен Солтүстік-Батыс Тынық мұхитына қарай созылып жатыр жəне 124°–132° шығыс бойлықтар аралығында орналасқан. Түбектің солтүстігі Қытаймен жəне Ресеймен шектеседі, ал оңтүстігі Жапониядан Корей бұғазы арқылы бөлінген.
Түбектің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі жалпы ұзындығы шамамен 1 000 км, батыстан шығысқа қарай ені – шамамен 300 км. Жалпы аумағы 223 404 км², бұл Ұлыбритания, Гана, Лаос жəне Беларусь мемлекеттерінің аумақтарымен шамалас. Əскери демаркациялық сызықтың оңтүстігінде, яғни іс жүзінде Корея Республикасы үкіметінің басқаруындағы аумақ 100 459 км² құрайды (2025 жылғы жағдай бойынша).
Корей түбегінің жер бедерінің шамамен 75%-ын таулы аймақтар алып жатыр. Осыған байланысты елдің кез келген өңірінен тауларды кездестіруге болады, ал кең əрі жазық аумақтар сирек кездеседі. Түбектің шығыс бөлігі биік, ал батыс бөлігі салыстырмалы түрде аласа болып келеді. Теңіз деңгейінен 1 000 метрден асатын таулар негізінен солтүстік пен шығыста шоғырланып, басты тау жоталарын құрайды. Бұл жоталар бойында шығыс жағалауда тік беткейлер қалыптасқан, ал батыс жағалаудың жер бедері біршама жайпақ.
Солтүстік бөлігін қоспағанда, Корей түбегі үш жағынан теңіздермен қоршалған. Аралдарды қоса есептегендегі жағалау сызығының жалпы ұзындығы шамамен 15 241 км. Шығыс жағалауы терең сулы əрі жағалау сызығы салыстырмалы түрде біркелкі. Ал оңтүстік жəне батыс жағалауларында жағалау сызығы күрделі, тайыз сулы аймақтар мен аралдар көп. Таза əрі көгілдір Шығыс теңізі, кең көлемді толысу-қайту жазықтары бар Батыс теңізі жəне көптеген аралдарына байланысты «архипелаг теңізі» атанған Оңтүстік теңіз өзіне тəн теңіздік ландшафттарымен жəне экологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Əкімшілік тұрғыдан, Корея Республикасының аумағы 1 ерекше мəртебелі қалаға, 6 метрополия қаласына, 1 ерекше автономиялы қалаға, 6 провинцияға жəне 3 ерекше автономиялы провинцияға бөлінеді. Əкімшілік-аумақтық бірліктер мемлекеттің тиімді жұмыс істеуінің негізгі деңгейін құрайды əрі өңірлік бірегейліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Уақыт өте келе бұл бөлініс қоғам мен дəуір талаптарының өзгеруіне сəйкес жүйелі түрде қайта қаралып отырды.
Атап айтқанда, халық санының өсуі мен индустрияландыру үдерісінің жеделдеуі нəтижесінде ірі қалалар метрополия қалалары мəртебесіне ие болды. Əкімшілік-аумақтық құрылымды қайта ұйымдастыру өңірлік ерекшеліктер мен басқару қажеттіліктерін ескере отырып жүргізілді. Соның нəтижесінде Чеджу аралы (2006), Канвондо провинциясы (2023) жəне Чолла-Пукто провинциясы (2024) ерекше автономиялы провинциялар мəртебесін алды.

Мемлекеттер мен теңіздер
Китай → Қытай
Япония → Жапония
Западное (Жёлтое) море → Батыс теңізі (Сары теңіз)
Восточное море → Шығыс теңізі
Корейский пролив → Корей бұғазы
Солтүстік Корея аумағы
Хамгён-Пукто → Хамгён-Пукто
Хамгён-Намдо → Хамгён-Намдо
Янгандо → Янгандо
Чагандо → Чагандо
Пхёнан-Пукто → Пхёнан-Пукто
Пхёнан-Намдо → Пхёнан-Намдо
Пхеньян → Пхеньян
Нампхо → Нампхо
Хванхэ-Пукто → Хванхэ-Пукто
Хванхэ-Намдо →Хванхэ-Намдо
Кэсон → Кэсон
Оңтүстік Корея аумағы
Кёнгидо → Кёнгидо
Сеул → Сеул
Инчхон → Инчхон
Канвондо → Канвонло
* 다른 국가, 도시 및 해양의 명칭이 러시아어 표기와 유사합니다.
Корея — төрт мезгілі анық байқалатын ел
Корея Республикасы қоңыржай климат белдеуінде орналасқан, мұнда жылдың төрт мезгілі — көктем, жаз, күз жəне қыс — айқын ажыратылады. Əрбір мезгіл табиғаттың өзіндік бояуы мен ерекше атмосферасын қалыптастырады.
Көктем мен күз мезгілдерінде ауа райы ашық əрі құрғақ болып келеді, бұл кезеңдер демалыс пен ашық ауадағы іс-шаралар, сондай-ақ саяхат үшін қолайлы болып есептеледі. Көктемде шие ағашы мен азалия гүлдеп, елге ерекше көрік береді, ал күзде қалалардағы таулар алуан түсті күзгі жапырақтармен көмкеріледі.
Жаз айлары ыстық əрі ылғалды болғандықтан, көптеген адамдар аптап ыстықтан таулы өзен аңғарларындағы салқын аймақтар мен теңіз жағажайларына барып тынығады. Ал суық əрі қарлы қыс мезгілі шана тебу, шаңғы тебу сияқты қысқы спорт түрлерімен айналысуға қолайлы жағдай жасайды.
Температура в разных регионах немного различается, и среднегодовая температура составляет около 7–15 °C. Самая жаркая погода стоит в августе, когда средняя температура поднимается до 25–27 °C, а в особенно знойные дни она превышает отметку в 33 °C. В январе же средняя температура опускается до –6,9…3,6 °C, а в некоторых районах она может падать и ниже –10 °C.
Аймақтарға қарай ауа температурасы сəл өзгеше болғанымен, жылдық орташа температура шамамен 7–15 °C аралығында. Ең ыстық кезең тамыз айына сəйкес келеді: бұл уақытта орташа температура 25–27 °C-қа жетеді, ал кейбір ерекше ыстық күндері 33 °C-тан да асады. Қаңтар айында орташа температура –6,9…3,6 °C деңгейіне дейін төмендеп, кей өңірлерде –10 °C-тан төмен болуы мүмкін.
Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері шамамен 1 400 мм-ді құрайды, оның жартысынан көбі жаз мезгіліне тиесілі. Əсіресе маусым айының соңы мен шілде айының соңы аралығында нөсер жаңбырлар жиі жауып, бұл кезең жауын-шашын маусымы деп аталады. Жазда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болып, 75–85 % деңгейінде сақталады, ал көктемде ол 50–70 % шамасында болып, ауа райын салыстырмалы түрде жайлы етеді.
Соңғы жылдары, əсіресе оңтүстік жағалау өңірлерінде, субтропиктік климаттың белгілері айқынырақ байқала бастады. Климаттың өзгеруіне байланысты банан мен манго сияқты тропиктік дақылдарды өсіру мүмкіндігі артты, ал салқындау климатты қажет ететін күріш пен алма өсіруге қолайлы аумақтар біртіндеп азайып келеді.

1. Тогюсан тауы, Муджу — қар жамылған таулы көрініс
Тогюсан тауы Кореядағы жыл мезгілдерінің ауысуын айқын көрсететін ең танымал өңірлердің бірі болып саналады. Күзде тау бөктерлері қанық түсті жапырақтарға оранып, ал қыста қар басқан ағаштарымен ерекше əсер қалдырады.
Корея Республикасының халқы
Корея Республикасы халқының жалпы саны 2024 жылғы жағдай бойынша шамамен 51,81 млн адамды құрайды. Ел халық саны бойынша əлемде 29-орында тұр, ал ерлер мен əйелдер үлесінің арақатынасы шамалас. Халықтың жартысынан астамы елордалық өңірде — Сеул қаласы, Кёнгидо провинциясы жəне Инчхон қаласында — шоғырланған. Бұл халықтың аумақ бойынша біркелкі бөлінбегенін көрсетеді. Елорда мен оған іргелес аймақтарда көлік, білім беру жəне мəдениет салаларының негізгі нысандары орналасқандықтан, көптеген азаматтар жұмыс мүмкіндіктері мен қолайлы өмір сүру жағдайларын осы өңірлерден іздеуді жөн көреді.
Корея Республикасы əлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы ең жоғары елдердің қатарына жатады. Қазіргі уақытта ел бойынша күтілетін өмір сүру ұзақтығы шамамен 84,5 жасты құрайды: əйелдерде — 87,1 жас, ерлерде — 81,6 жас. Əйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары. Бұл көрсеткіштердің артуына медициналық технологиялардың дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы, сондай-ақ мемлекеттік саясат аясында қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің нығаюы ықпал етті. Нəтижесінде Корея Республикасы Жапония жəне Швейцариямен қатар, өмір сүру ұзақтығы ең жоғары елдер тізіміне енді.
Сонымен қатар, елдің демографиялық құрылымында елеулі өзгерістер байқалуда. Соңғы жылдары туу деңгейі айтарлықтай төмендеді. 2024 жылғы деректер бойынша Корея Республикасындағы жиынтық туу коэффициенті (бір əйелге шаққандағы орташа бала саны) 0,75-ті құрап, əлемдегі ең төмен көрсеткіш ретінде тіркелді. Туу деңгейінің төмендеуімен қатар халықтың қартаю үдерісі жедел жүріп жатыр. Осыған байланысты корей қоғамы еңбек нарығы, білім беру жүйесі жəне əлеуметтік қамсыздандыру сияқты бірқатар салаларда жаңа сын-қатерлерге тап болуда.

2. Нодыль аралы жағынан Ханган өзені мен Ёыйдо ауданының көрінісі
Халық тығыздығы жоғары Сеул қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту жəне тұрғын үй инфрақұрылымын жетілдіру арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саясатты жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Хангыль — ғылыми қағидаларға негізделіп жасалған жазу жүйесі
Корея Республикасы аумағында корей тілі қолданылады, ал оның жазу жүйесі ретінде өзіндік бірегей əліпби — Хангыль пайдаланылады. Корей тілі агглютинативті тілдер қатарына жатады: грамматикалық мағыналар сөз түбіріне жалғанатын қосымшалар арқылы беріледі, сондай-ақ сөз тəртібі мен шылаулар да маңызды рөл атқарады.
Хангыль 1443 жылы Ұлы Седжон патшаның бастамасымен, Чосон əулеті тұсында, қарапайым халық үшін оқу мен жазуды жеңілдету мақсатында жасалды. 1446 жылы ол оның жасалу қағидалары мен қолдану ережелері баяндалған «Хунмин Чоным Хэребон» трактатымен бірге ресми түрде жарияланды. Алғашында «Хунмин Чоным» деп аталған бұл əліпби 28 таңбадан — 17 дауыссыз жəне 11 дауысты дыбыстан тұрған. Қазіргі кезде хангыль 24 əріптен, яғни 14 дауыссыз жəне 10 дауысты дыбыстан тұрады.
Хангыль корей тілінің дыбыстық жүйесіне негізделген ғылыми əрі жүйелі қағидалар бойынша жасалған. ㄱ, ㄴ, ㅁ, ㅅ, ㅇ сияқты дауыссыз əріптер сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, тіс, көмей жəне т.б.) пішіні мен қозғалысын бейнелейді. Ал ㅇ, ㅡ, ㅣ дауысты таңбалары философиялық ұғымдарға негізделіп, тиісінше аспанды, жерді жəне адамды білдіреді. Бұл əріптер бірігіп, əрқайсысы бір буынды білдіретін буындық блоктар құрайды.
Хунмин Чоным — əлемде билеуші өз халқы үшін арнайы жазу жүйесін жасап, оған арналған нұсқаулық қалдырған бірегей тарихи үлгі. Əліпбидің философиясы мен құрылымдық қағидалары баяндалған «Хунмин Чоным Хэребон» 1962 жылы Корея Республикасының ұлттық қазынасы деп танылып, 1997 жылы ЮНЕСКО-ның «Əлем жады» тізіміне енгізілді. Ұлы Седжонның ағартушылық мұрасын дəріптеу мақсатында ЮНЕСКО дүниежүзі бойынша сауаттылықты дамытуға үлес қосқан мекемелерге, ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға Ұлы Седжон атындағы сыйлық тапсырады.
Соңғы жылдары хангыль өзінің бірегейлігі мен эстетикалық көркемдігі арқылы əлемдік қауымдастықтың ерекше назарын аударып келеді. Ол тек əліпби ғана емес, сонымен қатар сəн, дизайн жəне өнер салаларында шығармашылық өзін-өзі білдіру құралы ретінде де кеңінен қолданылады.
«Корей толқынының» кеңінен таралуы корей тіліне деген қызығушылықтың артуына ықпал етті. Осы үрдісті қолдайтын Седжон институттары — корей тілін оқытатын халықаралық білім беру мекемелері. 2024 жылғы жағдай бойынша олардың 88 елде 256 филиалы жұмыс істейді. Сол жылы онлайн жəне офлайн форматта корей тілін меңгерген тыңдаушылар саны 216 226 адамды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 20,8 %-ға артты (178 973 адам). Седжон институттары тіл үйретумен шектелмей, корей тілі мен мəдениетін қатар таныстыратын жаһандық мəдени алмасу алаңы ретінде берік орнықты.
Кореяда жыл сайын 9 қазанда корей жазуының маңызын жəне Ұлы Седжонның тарихи еңбегін ұлықтау мақсатында Хангыль күні аталып өтеді.

3. Хангыльдің жылжымалы металл əріптері
Чосон əулеті кезеңінде жасалған жылжымалы металл əріптердің шамамен 750 үлгісі корей əліпбиінің тарихи тұрғыда нақты қолданылғанын дəлелдейтін құнды мəдени мұра болып табылады.
*사진에 기재된 문구의 번역: "Photo Korea Кореяның ұлттық туризм ұйымының фотосуреті — Ким Чжи Хо".

4. Кванхвамун алаңындағы ұлттық каллиграфия байқауы
Хангыль күнінің 569 жылдығына орай, 9 қазанда Сеул қаласындағы Кванхвамун алаңында өткен каллиграфия байқауында қатысушылар өз шығармаларын жетілдіруге ерекше көңіл бөлді.
*사진에 기재된 문구의 번역: "Flickr - Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі".
Мемлекеттік ту — Кореяның рəмізі, Тхэгыкки
Корея Республикасының мемлекеттік туы — Тхэгыкки. Ту ақ түсті матадан тұрады, оның ортасында Ұлы шектің белгісі — тхэгык (태극) бейнеленген, ал төрт бұрышында төрт триграмма: Кон, Гон, Кам жəне Ри орналасқан. Тудың ақ түсі жарықты, тазалықты жəне бейбітшілікті білдіреді. Ұлы шектің белгісі шығыс философиясындағы инь мен янның үйлесімін символдайды; бұл — ғаламдағы барлық тіршіліктің осы екі қарама-қарсы бастау күшінің үйлесуі арқылы өмір сүріп, дамитынын білдіреді. Ал Кон, Гон, Кам жəне Ри триграммалары тиісінше аспанды, жерді, суды жəне отты бейнелейді.
1883 жылы Чосон əулетінің патшасы Коджон Тхэгыккиді ресми түрде мемлекеттік ту ретінде жариялады. Содан бері ол Корей империясының мемлекеттік туы болып, кейін үздіксіз түрде Корея Республикасында қолданылып келеді. Алғашқы кезеңде ту дайындаудың бірыңғай стандарттары болмағандықтан, əртүрлі нұсқалар пайдаланылды. Алайда 1949 жылы «Мемлекеттік туды жасау туралы» заң қабылданып, бірыңғай үлгі бекітілді, ал 2007 жылы «Корея Республикасының Мемлекеттік туы туралы» заң күшіне еніп, оны қолдану жүйелі түрде реттеле бастады. Бүгінде Тхэгыкки тек мемлекеттік рəміз ғана емес, корей халқының ұлттық болмысы мен əлемдік мəдени мəртебесін айқындайтын символ ретінде де танылады.

*사진에 기재된 문구의 번역: Кон (аспан)
Кам (су)
Рон (от)
Тон (жер)
Ян
Инь
5. Тхэгыкки - Корея Республикасының туы
Инь мен янның үйлесімін жəне төрт триграмманың философиялық мағынасын бейнелейді.
Ұлттық гүл — Кореяға ұқсайтын гүл: Мугунхва
Мугунхва (гибискус) — Кореяның ұлттық гүлі. Оның атауы «мəңгі гүлдейтін, солмайтын гүл» деген мағынаны білдіреді. Мугунхва табандылық пен шыдамдылықты жоғары бағалайтын корей халқының ұлттық рухын бейнелейді.
Бұл — төзімді өсімдік: шілде айының басынан қазанның ортасына дейін күн сайын гүлдеп, бір ағашта мыңдаған гүл ашады. Ежелгі заманнан бері корейлер мугунхваны «қастерлі гүл» əрі «аспан гүлі» деп атаған. Қазіргі таңда ол мемлекеттік мекемелерде, мектептерде жəне ұлттық іс-шараларда Кореяның рəмізі ретінде кеңінен қолданылады.

6. Мугунхва
Табиғи төзімділігі мен нəзік əсемдігі арқылы бұл гүл корей халқының ұлттық рухын бейнелейді.
Мемлекеттік əнұран — бірлік пен отаншылдық əні, «Эгукка»
Эгукка — Корея Республикасының ресми мемлекеттік əнұраны. Оның атауы «Отанға деген сүйіспеншілік əні» деп аударылады. Əнұранның мəтінін ХХ ғасырдың басында бірқатар ағартушы қайраткерлер жазған, ал 1935 жылы композитор Ан Ик Тхэ қазіргі əуенін шығарды. 1948 жылы Корея Республикасының үкіметі құрылған кезде «Эгукка» ресми мемлекеттік əнұран ретінде қабылданып, ұлттық мерекелер мен маңызды салтанатты іс-шараларда орындалып келеді.

*사진에 기재된 문구의 번역:
«Корея Республикасының әнұраны»
Асықпай орындалады
Композитор: Ан Ик Тхэ
Шығыс теңізінің сулары тартылғанша,
Пэктусан жер бетінен жоғалғанша,
Жаратқан Ие халқымызды қорғай берсін,
Жасай берсін Отанымыз мəңгілік!
(Қайырмасы)
Үш мың ли əсем өзендер мен асқар таулар
Гүлдеген мугунхваға бөленген.
Ұлы корей халқы,
Корей жолынан тайма!
Кореяның саяси жүйесі
Корея Республикасы — заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігіне бөліну қағидатына негізделген демократиялық республика. Елде президенттік басқару жүйесі қолданылады. Президент — мемлекеттің жəне атқарушы биліктің басшысы; ол азаматтардың тікелей жалпы бірдей дауыс беруі арқылы бір рет, бес жылдық мерзімге сайланады.