Орталық қызметі
-
2026 ЖЫЛҒЫ КҮЗГІ СЕМЕСТРДІҢ МӘДЕНИ КУРСТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ
Корей мәдени орталығы 2026 жылғы күзгі семестрге мәдени курстарына қабылдау басталғанын хабарлайды. Оқу мерзімі: 2026 жылғы 28 қыркүйек (дүйсенбі) – 10 желтоқсан (бейсенбі) ※ 11 желтоқсанда (жұма) сертификаттарды табыстау рәсімі өтеді. Курсты аяқтағаны туралы сертификат алу үшін табыстау рәсіміндегі қорытынды концертке қатысу міндетті. Курсқа тіркелу кезінде аталған күнді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз. Өтетін орны: Корей мәдени орталығы Қатысушыларға қойылатын талап: 13 жастан бастап (2013 жылғы 29 қыркүйекке дейін туған тұлғалар) Оқу ақысы: 10 000 теңге Тіркелу тәртібі ① Корей мәдени орталығына келіп, өтінім толтыру. ② Тіркелу ақысын төлеу. Төлем қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 қыркүйек (сейсенбі) – 18 қыркүйек (жұма), сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ※ Түскі үзіліс кезінде (12:30–13:30), сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері төлем қабылданбайды. ※ Төлем тек қолма-қол ақшамен қабылданады. Банк арқылы аударым жасау қарастырылмаған. ※ Қатысушылар саны шектеулі. Тіркелу төлем жасаған кезек тәртібі бойынша жүргізіледі. Тіркелу үшін қажетті құжаттар 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік жарамды); 2. Тіркелу ақысы — 10 000 теңге; 3. 3,5 × 4,5 см көлеміндегі фотосурет. Сабақ кестесі Күндер Сабақ уақыты Сабақ Дс / Ср 18:30–20:00 K-POP биі Сс / Бс 14:00–15:00 Дәстүрлі би (ересектер тобы) Сс / Бс 18:00–19:00 Дәстүрлі би (жасөспірімдер тобы) ※ Тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін төленген қаражат қайтарылмайды. Қосымша сұрақтар бойынша: +7 (7172) 901-113 koreanculture@mail.ru
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Sep 14, 2026 -
2026 K-POP Academy сабақтарының басталу күні өзгергені туралы хабарлама ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Aug 04, 2026 ~ Aug 13, 2026
Корей мәдени орталығы 2026 жылғы K-POP Academy сабақтарының басталу күні төмендегідей өзгергенін хабарлайды. • Бұрынғы басталу күні: 3 тамыз (дүйсенбі) • Жаңа басталу күні: 4 тамыз (сейсенбі) Себебі: оқытушының әуе рейсінің кешігуіне байланысты. Өтелетін сабақтың күні кейінірек қосымша хабарланады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Aug 02, 2026 -
2026 жылғы Седжон мәдени академиясы ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Jul 31, 2026 ~ Aug 01, 2026
Корея мәдени орталығы «2026 жылғы Седжон мәдени академиясы» бағдарламасының өткізілетінін хабарлайды. Баршаңызды корейлік ханбок маманының «Ханбок мәдениеті және дәстүрлі әшекей бұйымдарын жасау» атты шеберлік сабағына қатысуға шақырамыз. Бағдарлама Ханбок және дәстүрлі әшекей бұйымдары туралы теориялық дәріс Ханбокқа арналған дәстүрлі әшекей бұйымдарын жасау бойынша практикалық шеберлік сабағы Сабақ кестесі Күні Уақыты Қатысушылар саны Қатысушылар 31 шілде (жұма) 14:30–17:00 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар 31 шілде (жұма) 18:30–21:00 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар 1 тамыз (сенбі) 10:30–13:00 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар 1 тамыз (сенбі) 14:00–16:30 30 Жазғы семестрдегі корей тілі курсының тыңдаушылары және барлық қызығушылық танытушылар Өтетін орны: Корей мәдени орталығы Қатысушылар саны: Әр шеберлік сабағына 30 адамнан Тіркелу мерзімі: 27–30 шілде, сағат 10:00–17:00 (түскі үзіліс: 12:30–13:30) Өтініш беру тәртібі: Корей мәдени орталығына келіп, тіркеу формасын толтыру * Бір адам тек бір шеберлік сабағына ғана тіркеле алады. * Тіркелу кезек тәртібімен жүргізіледі және орындар толған жағдайда мерзімінен бұрын жабылуы мүмкін. Барлық орын толғаннан кейін күту тізімі жасалады. * Сабақ кестесі Орталықтың ішкі жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jul 23, 2026 -
2026 K-POP Academy топтарының тізімі және тіркеу жарнасын төлеу туралы ақпарат ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Jul 13, 2026 ~ Jul 16, 2026
Корей мәдени орталығы 2026 K-POP Academy қатысушыларын топтарға бөлу нәтижелері және тіркеу жарнасын төлеу тәртібі туралы хабарлайды. Тізімінен өз атыңызды тексергеннен кейін, Корей мәдени орталығына келіп, тіркеу жарнасын төлеуіңізді сұраймыз. —Төлем мерзімі: 2026 жылғы 14 шілдеден (сейсенбі) 16 шілдеге (бейсенбі) дейін ※ Төлем қабылдау уақыты: 10:00–17:00 (түскі үзіліс: 12:30–13:30) —Тіркеу жарнасы: 10 000 теңге (қолма-қол) —Қажетті құжаттар мен заттар: тіркеу жарнасы, 1 фотосурет, өтініш (орнында толтырылады)
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jul 13, 2026 -
Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығының («Кугак») шетелде корей дәстүрлі өнерін оқыту бағдарламасы аясындағы корейдің дәстүрлі мәдениеті бойынша шеберлік сабағы ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Jun 29, 2026 ~ Jul 09, 2026
29 маусым мен 9 шілде аралығында Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығымен («Кугак») бірлесіп, шетелде корейдің дәстүрлі өнерін оқыту бағдарламасы аясында Қазақстанның 13 өңіріндегі корей қауымдастықтарының шығармашылық ұжымдарына арналған Корей дәстүрлі мәдениеті бойынша шеберлік сабағын және сертификаттар табыстау рәсімін өткізді. Қазақстандағы корей диаспорасы арасында дәстүрлі корей мәдениетін сақтауға және өңірлік корей қауымдастықтарының корей мәдени мұрасын насихаттау қызметіне қолдау көрсету мақсатында Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығының («Кугак») оқытушылары Ким Су Ён мен Ким Хе Ёнды шақырды. Олар он күн бойы 80-нен астам қатысушыға самульнори мен желпуіш биі бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Алдағы уақытта да Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығымен («Кугак») бірлесіп шетелдегі оқыту бағдарламасы аясында осындай шеберлік сабақтарын ұйымдастыруды жалғастырып, Қазақстандағы дәстүрлі корей мәдениетін сақтау мен насихаттауға қолдау көрсететін болады.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jul 10, 2026