Орталық қызметі
-
Ханшин университеті делегациясымен кездесу ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Oct 27, 2026
Корей мәдени орталығының директоры Ли Джомхо мырза 27 қазанда Орталыққа келген Ханшин университетінің делегациясымен кездесті. Делегация құрамында Халықаралық ынтымақтастық басқармасының директоры Ли Гихо, сондай-ақ басқарма қызметкерлері Ли Гванпё мен Ким Дохён болды. Кездесу барысында Ли Джомхо мырза қонақтарды Корей мәдени орталығының негізгі қызмет бағыттары мен инфрақұрылымымен таныстырды. Сондай-ақ тараптар Қазақстанда корей мәдениетін кеңінен таныту және білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту бағыттары жөнінде пікір алмасты.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Oct 27, 2026 -
Дәстүр мен заманауи үндестігі: Қазақстанда кореялық NUMORI фьюжн тобының концерті өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Oct 26, 2026
26 қазанда Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымымен бірлесіп, оңтүстіккореялық NUMORI фьюжн тобының өнер кешін өткізді. Қазақстан Республикасының күніне орай өткен мәдени іс-шаралар қатарындағы бұл өнер кешінде оңтүстіккореялық NUMORI және қазақстандық Saz&Soul вокалды-аспаптық тобы бір сахнада бас қосты. Қос ұжым ұлттық музыкалық мұраны заманауи әуендермен сабақтастырып, екі ел музыкасының өзіндік бояуын жаңа қырынан танытты. Кеш шымылдығын Saz&Soul тобы ашып, қазақ музыкалық шығармаларын өзіндік мәнерде орындады. Одан әрі сахна төріне NUMORI көтеріліп, корей музыкасына тән дәстүрлі ырғақтар мен ұрмалы аспаптардың үнін рок, поп және электронды музыка элементтерімен шебер үйлестірді. Осы арқылы көрермен қауымға заманауи гугактың жарқын да өзіндік музыкалық әлемін ұсынды. Бағдарламаның ерекше тұсы – қос ел өнерпаздарының бір-бірінің ұлттық музыкалық мұрасына ден қоюы болды. Saz&Soul корей халқының дәстүрлі «Ариран» әнін орындаса, NUMORI қазақтың «Назқоңыр» дәстүрлі туындысын өзіндік нақышта ұсынып, кештің көркін қыздырды. Екі ұжымның бір-бірінің ұлттық музыкасын өз мәнерінде орындауы Корея мен Қазақстан мәдениетіне деген өзара қызығушылық пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Oct 26, 2026 -
Vivaldi Art Center орталығымен бірлесіп өткен концерт ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Oct 23, 2026
Корей мәдени орталығы 23 қазан (жұма) күні Vivaldi Art Center орталығымен бірлесіп концерт өткізді. Концерт басталмас бұрын қонақтар ханбок киіп көріп, корейдің дәстүрлі танграм ойынымен (чхильгё-нори) танысты, сондай-ақ «Корей үйі» экспозициясын тамашалады. Концерт барысында Vivaldi Art Center шәкірттері корейдің «Ариран», «Тунгыльге тунгыльге» әндерін, қазақтың халық әндері «Ақбақай» мен «Самалтауды», сондай-ақ басқа да вокалдық және аспаптық шығармаларды орындады. Концерттен кейін қонақтар корей драмалары мен фильмдерінен көпшілікке жақсы таныс ттокпокки тағамымен танысып, дәмін татып көрді. Іс-шараға қатысқан баршаңызға алғыс білдіреміз!
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Oct 23, 2026 -
Корея халықаралық экономикалық саясат институтының өкілімен кездесу ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Oct 21, 2026
21 қазанда Корея халықаралық экономикалық саясат институтының (KIEP) ғылыми қызметкері Чо Ён Хун мырза Корей мәдени орталығына келіп, Орталықтың негізгі нысандары мен жүзеге асырылып жатқан жобаларымен танысты.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Oct 21, 2026 -
Донг-А медиа және өнер университеті өкілдерімен кездесу ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Oct 15, 2026
15 қазанда Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығының директоры Ли Джомхо Орталыққа арнайы келген Донг-А өнер және медиа университетінің халықаралық ынтымақтастық және студенттерді қабылдау басқармасының директоры Кан Бо Ёнмен және K-Wave корей тілі институтының директоры Ли Джун Гумен кездесті. Сапар барысында Ли Джомхо қонақтарды Корей мәдени орталығының негізгі нысандарымен және басты қызмет бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ тараптар Қазақстанда корей мәдениетін кеңінен таныту және мәдени-өнер іс-шараларын өткізу саласындағы өзара ынтымақтастықтың алдағы бағыттары жөнінде пікір алмасты.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Oct 16, 2026