Орталық қызметі
Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығының («Кугак») шетелде корей дәстүрлі өнерін оқыту бағдарламасы аясындағы корейдің дәстүрлі мәдениеті бойынша шеберлік сабағы
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJul 10, 2026
29 маусым мен 9 шілде аралығында Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығымен («Кугак») бірлесіп, шетелде корейдің дәстүрлі өнерін оқыту бағдарламасы аясында Қазақстанның 13 өңіріндегі корей қауымдастықтарының шығармашылық ұжымдарына арналған Корей дәстүрлі мәдениеті бойынша шеберлік сабағын және сертификаттар табыстау рәсімін өткізді.
Қазақстандағы корей диаспорасы арасында дәстүрлі корей мәдениетін сақтауға және өңірлік корей қауымдастықтарының корей мәдени мұрасын насихаттау қызметіне қолдау көрсету мақсатында Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығының («Кугак») оқытушылары Ким Су Ён мен Ким Хе Ёнды шақырды. Олар он күн бойы 80-нен астам қатысушыға самульнори мен желпуіш биі бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Алдағы уақытта да Корей мәдени орталығы Корей ұлттық дәстүрлі өнер орталығымен («Кугак») бірлесіп шетелдегі оқыту бағдарламасы аясында осындай шеберлік сабақтарын ұйымдастыруды жалғастырып, Қазақстандағы дәстүрлі корей мәдениетін сақтау мен насихаттауға қолдау көрсететін болады.













