바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Корей тілі бойынша 108-ші біліктілік тестінің (TOPIK) өтетін орны, қатысушылардың нөмірлері, аудиториялары және ережелері туралы ақпарат

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯOct 06, 2026
Вложение

Корей мәдени орталығы корей тілі бойынша 108-ші біліктілік тестінің (TOPIK) өтетін орны, қатысушылардың тіркеу нөмірлері, емтихан аудиториялары және маңызды нұсқаулықтар туралы хабарлайды.


ㅇ Өтетін орны: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия (Астана қ., Иманов көшесі, 37)


ㅇ Қатысушылардың тіркеу нөмірлері мен емтихан аудиториялары: ақпарат тіркелген файлда көрсетілген.


ㅇ Емтиханға қатысу парағын TOPIK ресми сайтынан басып шығаруға болады.


Басып шығару тәртібі: TOPIK сайтына кіріңіз → басты беттің ортасындағы тіркелмеген пайдаланушыларға арналған [수험표 출력] («Емтиханға қатысу парағын басып шығару») батырмасын басыңыз → емтихан нөмірін, қатысушы нөмірін және туған күніңізді енгізіңіз → «Іздеу» батырмасын басыңыз → іздеу нәтижесінен «Басып шығару» батырмасын таңдаңыз.


※ Емтиханға келмес бұрын тіркелген файлда көрсетілген ережелер мен маңызды ақпаратпен міндетті түрде танысып шығыңыз.