바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

2026 K-POP Academy бағдарламасына қабылдау туралы хабарландыру

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 29, 2026

Корей мәдени орталығы 2026 K-POP Academy бағдарламасына қатысушыларды қабылдау басталғанын хабарлайды.


포스터(카자흐어)포스터(러시아어)

K-POP биінен тәжірибесі бар барлық ниет білдірушілерді кәсіби кореялық хореографтың жетекшілігімен өтетін екі апталық оқу бағдарламасына қатысуға шақырамыз.

Оқу мерзімі: 2026 жылғы 3 тамыз (дүйсенбі) – 13 тамыз (бейсенбі)

Өтетін орны: Корей мәдени орталығы (Иманов көшесі, 13)

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
– Қазақстан Республикасының азаматтары;
– 15 жастан жоғары;
– K-POP биі бойынша тәжірибесі бар (орта деңгейден төмен емес).

Қатысушылар саны: әр топқа шамамен 20 адам

Оқу ақысы: 10 000 теңге (қолма-қол төлем)

Тіркелу тәртібі: Онлайн тіркелу → Топтарға бөлу → Офлайн тіркелу

1. Онлайн тіркелу: 2026 жылғы 2 шілде (бейсенбі) – 9 шілде (бейсенбі)

Google Form-ды толтырып, ұзақтығы шамамен 1 минут болатын K-POP cover dance бейнежазбасын тіркеу қажет.

Онлайн тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/WaTjpk9NvBiE5dKAA

2. Топтарға бөлу: 2026 жылғы 13 шілде (дүйсенбі)

Қатысушылар ұсынылған K-POP cover dance бейнежазбалары негізінде мамандар тарапынан топтарға бөлінеді.

3. Офлайн тіркелу: 2026 жылғы 13 шілде (дүйсенбі) – 16 шілде (бейсенбі)

Корей мәдени орталығына келіп, өтінішті толтырып, тіркеу жарнасын төлеу қажет (жеке куәлік пен фотосуретті бірге алып келу керек).

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты

Сабақ (03.08–13.08)

Ескерту

14:00–17:00

K-POP Dance 1

Тек топтарға бөлінгеннен кейін ғана тіркелуге болады

17:30–20:30

K-POP Dance 2

Назар аударыңыз

※ Топтарға бөлу ұсынылған бейнежазбалар негізінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сабақ уақыты өзгеруі мүмкін.

※ K-POP Academy қатысушылары 2026 жылғы 14 тамызда (жұма) өтетін жазғы семестрдің жабылу салтанатына міндетті түрде қатысуы тиіс. Егер бұл іс-шараға қатысу мүмкін болмаса, бағдарламаға қатысуға рұқсат берілмейді және сертификат табысталмайды.

※ Орын саны шектеулі болғандықтан, тіркелу мерзімінен бұрын жабылуы мүмкін. Негізгі қабылдау аяқталғаннан кейін күту тізімі жасалады.

※ Бірінші сабаққа себепсіз келмеген жағдайда тіркеу күші жойылып, орын күту тізіміндегі келесі қатысушыға беріледі. Бұл жағдайда тіркеу жарнасы қайтарылмайды.

※ Корей мәдени орталығының жағдайына байланысты сабақ кестесі мен өткізу орны өзгеруі мүмкін. Сабақтар тоқтатылған жағдайда тіркеу жарнасы толық көлемде қайтарылады.

Сертификат алу шарттары

– Сабақтардың кемінде 90%-ына қатысу;
– 2026 жылғы 14 тамызда (жұма) өтетін жазғы семестрдің жабылу салтанатына міндетті түрде қатысу.