바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

2026 ЖЫЛҒЫ КҮЗГІ СЕМЕСТРДІҢ МӘДЕНИ КУРСТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ

Корей мәдени орталығы 2026 жылғы күзгі семестрге мәдени курстарына қабылдау басталғанын хабарлайды.

Оқу мерзімі: 2026 жылғы 28 қыркүйек (дүйсенбі) – 10 желтоқсан (бейсенбі)

※ 11 желтоқсанда (жұма) сертификаттарды табыстау рәсімі өтеді.
Курсты аяқтағаны туралы сертификат алу үшін табыстау рәсіміндегі қорытынды концертке қатысу міндетті. 

Курсқа тіркелу кезінде аталған күнді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз.

Өтетін орны: Корей мәдени орталығы


Қатысушыларға қойылатын талап: 13 жастан бастап (2013 жылғы 29 қыркүйекке дейін туған тұлғалар)


Оқу ақысы: 10 000 теңге


Тіркелу тәртібі

① Корей мәдени орталығына келіп, өтінім толтыру.
② Тіркелу ақысын төлеу.


Төлем қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 қыркүйек (сейсенбі) – 18 қыркүйек (жұма), сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін

※ Түскі үзіліс кезінде (12:30–13:30), сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері төлем қабылданбайды.

※ Төлем тек қолма-қол ақшамен қабылданады. Банк арқылы аударым жасау қарастырылмаған.

※ Қатысушылар саны шектеулі. Тіркелу төлем жасаған кезек тәртібі бойынша жүргізіледі.

Тіркелу үшін қажетті құжаттар

1. Жеке куәлік (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік жарамды);

2. Тіркелу ақысы — 10 000 теңге;

3. 3,5 × 4,5 см көлеміндегі фотосурет.

Сабақ кестесі

Күндер

Сабақ уақыты

Сабақ

Дс / Ср

18:30–20:00

K-POP биі

Сс / Бс

14:00–15:00

Дәстүрлі би (ересектер тобы)

Сс / Бс

18:00–19:00

Дәстүрлі би (жасөспірімдер тобы)

※ Тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін төленген қаражат қайтарылмайды.

Қосымша сұрақтар бойынша:
+7 (7172) 901-113
koreanculture@mail.ru