바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

2026 жылғы көктемгі семестрінің мәдени курстарына тіркелу туралы ақпарат

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJan 06, 2026

Корей мәдени орталығы 2026 жылғы көктемгі семестрінің мәдени курстарына тіркелу туралы хабарлайды.


Сабақ өткізу кезеңі:

2026 жылғы 2 ақпан (дүйсенбі) – 14 мамыр (бейсенбі)

• 15 мамырға (жұма) салтанатты сертификат табыстау рәсімі жоспарланған. Егер қатысушы қорытынды концертте (шығармашылық қойылымда) өнер көрсетпесе, сертификат берілмейді. Осы талапты тіркелу барысында алдын ала назарға алуыңызды сұраймыз.


Өтетін орны: Корей мәдени орталығы

Қатысу жасы: 13 және одан жоғары (2013 жылғы 2 ақпанға дейін туғандар)

Тіркелу жарнасы: 10 000 теңге


Тіркелу тәртібі

• Корей мәдени орталығына келіп, өтініш формасын толтыру

• Тіркелу жарнасын төлеу


Тіркелу жарнасын төлеу мерзімі:

2026 жылғы 14 қаңтар (сәрсенбі) – 23 қаңтар (жұма), 10:00–17:00

※ Түскі уақытта (12:30–13:30), сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері төлем қабылданбайды.

※ Төлем тек қолма-қол қабылданады (банктік аударым мүмкін емес).

※ Орындар саны шектеулі. Қабылдау тіркелу жарнасын төлеу ретіне қарай жүргізіледі.


Тіркелу үшін қажетті құжаттар

• Жеке куәлік (16 жасқа дейін – туу туралы куәлік қабылданады)

• 10 000 теңге тіркелу жарнасы

• Фото (пасп. форматы): 3,5 × 4,5 см



Сабақ кестесі

봄학기 시간표


※ Жергілікті жағдайларға, оқушылар саны мен оқытушылар құрамына байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

※ Тіркелу кезеңі аяқталғаннан кейін төленген жарна қайтарылмайды.


Қосымша сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

+7 (7172) 901-113

koreanculture@mail.ru