Орталық қызметі
2025 жылғы күзгі семестрдің мәдени курстарына тіркелу туралы хабарландыру
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯAug 18, 2025
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ41 Hit
Корей мәдени орталығы 2025 жылғы күзгі семестрдегі мәдени курстарға тіркелудің басталғанын хабарлайды.
• Курс мерзімі: 2025 жылғы 29 қыркүйек (дүйсенбі) – 11 желтоқсан (бейсенбі)
* 12 желтоқсан (жұма) күні — күзгі семестрдің жабылу салтанаты өтеді. Жабылу салтанатында қорытынды қойылымға қатыспаған тыңдаушыларға курсты аяқтағаны жайлы сертификат берілмейді. Осыған орай, көрсетілген күнді алдын ала ескеріп, курсқа тіркелуіңізді сұраймыз.
• Өтетін орны: Корей мәдени орталығы
• Қатысу талаптары: 13 жастан асқандар (2012 жылғы 29 қыркүйекке дейін туғандар)
• Тіркеу ақысы: 10 000 теңге
Тіркелу тәртібі
1. Мәдениет орталығына келіп, өтініш толтыру
2. Тіркеу ақысын төлеу
Тіркеу ақысын төлеу мерзімі: 2025 жылғы 2 қыркүйек (сейсенбі) – 12 қыркүйек (жұма), сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.
* 12:30-13:30 аралығында, сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері төлем қабылданбайды.
* Тіркеу ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді (банктік аударым қабылданбайды).
• Қатысушылар саны шектеулі (ақы төлеу кезегі бойынша).
Тіркелу кезінде қажетті құжаттар:
1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік).
2. Тіркеу ақысы: 10 000 теңге.
3. 3.5×4.5 см сурет.
Оқу кестесі

* Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін төлем қайтарылмайды.
Қосымша сұрақтарыңыз болса:
+7 (7172) 901-113 (телефон) немесе koreanculture@mail.ru (электронды пошта).