바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

2026 жылғы корей тілі бойынша шешендік өнер және шығарма байқауы туралы хабарландыру

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯApr 22, 2026
Вложение

Корей мәдени орталығы 2026 жылғы корей тілі бойынша шешендік өнер және шығарма байқауының өтетінін хабарлайды.

 

말하기쓰기대회포스터


Шешендік өнер бойынша орта деңгей санатындағы бас жүлде иегеріне (1 адам) Седжоң институтының шақыруымен Кореядағы оқу бағдарламасы мен финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігі беріледі.

    Седжоң институтының Кореядағы оқу бағдарламасы кезеңі: 6 қазан мен 11 қазан (дүйсенбіаралығы (жоспарланған/өзгерістер енгізілуі мүмкін)


Қатысушылар: Қазақстандағы корей тілін үйренушілер (ата-анасының ана тілі -корей тілі болып табылмайтын тұлғалар)
 
Санат: шешендік өнер (орта деңгейбастауыш деңгей) / шығарма жазу

Шешендік өнер мен шығарма санаттарына қатар қатысуға болады.

Бұрынғы байқауларда (шешендік өнер мен шығарма жазу1-орын алған жеңімпаздар қатыса алмайды (өзге жүлдегерлер қатыса алады).


Шешендік өнер байқауына қатысушылар: Астана қаласындағы Корей мәдени орталығының Седжоң институтының тыңдаушылары (кемінде семестрді аяқтағанжәне түлектері (соңғы жыл ішінде оқуын аяқтаған әрі кемінде семестрді тәмамдағанғана қатыса аладыКорей мәдени орталығының Седжоң институтынан өзге Седжоң институттарының тыңдаушылары бұл санатқа қатыса алмайды.


Тақырыптар (екі тақырыптың біреуін таңдау керек)


Санат

Тақырып

Шешендік өнер
(орта деңгей)

나의 생활에서의 한국어

Менің өмірімдегі корей тілі

내가 한국어를 배우는 이유

Менің корей тілін үйрену себебім

Шешендік өнер
(бастауыш деңгей)

나의 보물 1

Менің ең қымбат қазынам

내가 한국어를 배우는 이유

Менің корей тілін үйрену себебім

Шығарма

나의 인생을 바꾼 한 문장

Менің өмірімді өзгерткен бір сөйлем

나만 알고 있는 한국의 매력

Мен ғана білетін Кореяның тартымдылығы

Шешендік өнер (бастауыш деңгей): Корей мәдени орталығының Седжоң институтының 1A, 1B, 2A, 2B деңгейлерінің тыңдаушылары мен түлектері.


Шешендік өнер (орта деңгей): Корей мәдени орталығының Седжоң институтының 3A, 3B, 4A, 4B деңгейлерінің тыңдаушылары мен түлектері (кемінде семестр оқу тәжірибесі бар).


Қабылдау мерзімі:

Шешендік өнер: 22 сәуір (сәрсенбі– мамыр (дүйсенбі)

Шығарма: 22 сәуір (сәрсенбі– 12 мамыр (сейсенбі)

 

Шешендік өнер байқауының финалисттерін жариялау: 12 мамыр (сейсенбі)

Шешендік өнер байқауы өтетін күн: 20 мамыр (сәрсенбі), сағат 18:30

Шығарма байқауының нәтижелерін жариялау: 20 мамыр (сәрсенбі)
*Корей мәдени орталығының кестесіне байланысты уақыт өзгеруі мүмкін.


Өтінім беру тәртібі:

Шешендік өнер байқауы: мамырға дейін төмендегі құжаттарды Орталықтың электрондық поштасына (contest.korean.kcckz@gmail.comтапсыру қажет.

Өтінім;

Ұзақтығы 2минут болатын таныстырылым бейнежазба (бейнежазбада қатысушының өзі көрінуі тиіс);

Бейнежазбадағы 2минуттық корей тіліндегі мәтіннің қолжазба түріндегі сканерленген нұсқасы – дана;

Корей тіліндегі мәтінмен мазмұны бірдей қазақ немесе орыс тіліндегі қолжазба мәтіннің сканерленген нұсқасы – дана;

Корей мәдени орталығының Седжоң институтын соңғы семестрін аяқтағанын растайтын сертификат.


Электрондық хаттың тақырыбы және файл атауы: KOREAN SPEAKING (аты-жөні, kor)

Белгіленген үлгіге сәйкес келмейтін хаттарқұжаттары толық емес немесе кейбір материалдары жетіспейтін өтінімдер конкурсқа қатыстырудан шеттетілуі мүмкін.

Бейнематериал сөйлеу байқауына қатысушыларды іріктеу үшін ғана пайдаланылады және байқаудың нақты өту нәтижесіне әсер етпейдіАлайда құжаттар байқаудың финалдық кезеңіне өткен жағдайда бағалау материалы ретінде қолданылуы мүмкін.

Байқаудың өту тәртібі мен финалдық қатысушыларға қатысты толық ақпарат 12 мамырдан (сейсенбікейін қосымша жарияланады.


Шығарма: 12 мамыр (сейсенбікүніне дейін төменде көрсетілген құжаттарды Орталықтың электрондық поштасына (contest.korean.kcckz@gmail.comжолдау қажет.

Өтінім;

Көлемі 4001200 таңба аралығындағы корей тіліндегі қолжазба мәтіннің скан-көшірмесі – дана;

Корей тіліндегі мәтінмен бірдей мазмұндағы қазақ немесе орыс тіліндегі қолжазба мәтіннің скан-көшірмесі – дана.


Электрондық хаттың тақырыбы және файл атауы: KOREAN WRITING (аты-жөні, kaz/rus)

Белгіленген үлгіге сәйкес келмейтін хаттарқұжаттары толық емес немесе кейбір материалдары жетіспейтін өтінімдер конкурсқа қатыстырудан шеттетілуі мүмкін.

 

Жүлде: Байқау жеңімпаздарына және әр бөлім бойынша үздік 10 қатысушыға Корей мәдени орталығы тарапынан арнайы сыйлықтар табысталады.

 

Назар аударыңыз!

Жолданатын мәтін арнайы берілген үлгі бойынша басып шығарылыпқолмен толтырылыпкейін сканерленген нұсқада тапсырылуы тиіс.

Тек сканерленген файл ғана қабылданадыЕгер мәтін жай ғана суретке түсірілсе немесе мазмұнын оқу қиын болсаөтінім бағалау кезеңінен шығарылуы мүмкін.

Шешендік өнер байқауына қатысу үшін бейнежазба түсіру міндетті болғандықтаніріктеу кезеңі өтетін күні (20 мамырОрталықта ұйымдастырылатын алдын ала кезеңге қатыса алатын үміткерлер ғана өтініш бере алады.

Шығарма байқауы бойынша дипломдар мен сыйлықтар өтініште көрсетілген мекенжайға жіберіледіОсыған байланысты жеткізуге қолайлы нақты мекенжайды көрсету қажет.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер мекеменің ішкі жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Шешендік өнер мен шығарма байқауына қатысты сұрақтар бойынша 2026 жылғы корей тілі бойынша шешендік өнер және шығарма байқауының электрондық поштасына (contest.korean.kcckz@gmail.comнемесе телефон нөміріне (+7-7172-901-113~5хабарласуға болады.