Орталық қызметі

KOREAN CULTURAL CENTER

  • Орталық қызметі
  • Корей тілі курсы

2025 жылғы корей тілі бойынша көктемгі семестрге тіркелу туралы ақпарат

Dec 12, 2024 | 552 Hit

Корей мәдени орталығы 2025 жылғы корей тілі бойынша көктемгі семестрге тіркелу туралы ақпаратты хабарлайды. Төмендегі хабарландыруды мұқият оқып тіркелуге дайындалуыңызды сұраймыз.

 

ОҚУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Оқу мерзімі: 2025 жылғы 25 қаңтар (сенбі) – 15 мамыр (бейсенбі)

* 10-15 мамыр күндері емтихан, 16 мамыр күніне курстың аяқталу рәсімі жоспарланған. Курстарға тіркелу кезінде осы күндерді ескеруіңізді сұраймыз.

Сабақ орны: Корей мәдени орталығы, Ұлттық академиялық кітапхана.

Жас шектеуі: 13 жастан асқандар (2012 жылғы 23 қаңтарға дейін туылғандар).

 

ЖАҢА ОҚУШЫЛАР ҮШІН ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (1А ДЕҢГЕЙІ)

1.   Алдын ала левел тесттен өту (қажет болған жағдайда)

2.   Мәдени орталыққа келіп өтінішті толтыру

3.   Оқу ақысын төлеу

 

Тіркелу және оқу ақысын төлеу мерзімі2024 жылғы 21 желтоқсан (сенбі) – 26 желтоқсан (бейсенбі) 10:00 – 17:30 / 2025 жылғы қаңтар (дүйсенбі– 14 қаңтар (сейсенбі), сағат 10:00-17:00


* Түскі үзіліс кезінде (12:30-дан 13:30-ға дейін) және жексенбіде төлем қабылданбайды.

* Оқу ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді (банктік аударымдар мүмкін емес).

* Жаңа қатысушылар тек мәдени орталыққа жеке келіп тіркеледі. Онлайн тіркеу мүмкін емес. Тіркелу үшін жоғарыда көрсетілген мерзімде орталыққа келу керек.

•   Орындар саны шектеулі (оқу ақысын төлеу ретімен орындар бөлінеді).


Жаңа оқушыларға тіркелу үшін қажетті құжаттар (1А деңгейі)

1.   Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік).

2.   Оқу ақысы 20 000 теңге.

3.   Басып шығарылған фотосурет 3,5 см × 4,5 см (Төлқұжатта қолдануға жарамды сурет болу керек)

 

ӨТКЕН СЕМЕСТРДЕ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТА ОҚЫҒАНДАР ҮШІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (1B ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ)

1.   Онлайн тіркеу келесі сілтеме бойынша: https://forms.gle/VXUf2qfKNywE8SNx9

2.   Өтінішті алдын ала толтыру (сайттан жүктеп алуға болады).

3.   Оқу ақысын төлеу және құжаттарды тапсыру.

 

Күзгі семестрге онлайн тіркеу үшін қажетті талаптар:

1. Фотосурет (3,5 см × 4,5 см, jpg немесе png форматында, 200 Кб-тан аспайтын файл).

2. Жеке электрондық пошта (Gmail).

* Әрбір студент жеке бір аккаунт пайдалануы тиіс; міндетті түрде өткен семестрде тіркелген аккаунтты пайдалану керек.

 

Онлайн тіркеу мерзімі: 2024 жылғы 20 желтоқсан (жұма) сағат 17:00-ден 2024 жылғы 23 тамыз (дүйсенбі) сағат 17:00-ге дейін.

Оқу ақысын төлеу мерзімі: 2024 жылғы 21 желтоқсан (сенбі) – 2024 жылғы 26 желтоқсан (сейсенбі) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

* Түскі үзіліс кезінде (12:30-дан 13:30-ға дейін) және жексенбіде төлем қабылданбайды.

* Онлайн тіркеуден кейін оқу ақысы мерзімінде төленбесе, тіркеу күші жойылады.

* Орындар саны шектеулі (оқу ақысын төлеу ретімен орындар бөлінеді).

 

Оқу ақысы: 20 000 теңге (оқу ақысы төленгеннен кейін қайтарылмайды). Оқу ақысын тек қолма-қол ақшамен (банктік аударымдар мүмкін емес) төлеу керек.

 

Левел тест туралы ақпарат

Sejong институтында курсты аяқтау туралы сертификаты жоқ жаңа студенттер, басқа мекемелерде оқыған студенттер және соңғы екі жылда курс аяқтау туралы сертификаты жоқ студенттер 1B деңгейі және одан жоғары деңгейге тіркелген кезде бұрынғы деңгейдегі сертификатты ұсынуы немесе мәдени орталықта левел тесттен өтуі қажет.

 

Левел тест мерзімі: 2024 жылғы 20 желтоқсан (жұма) – 21 желтоқсан (сенбі) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін).

* Левел тестке жазылу: +7-7172-901-113 нөмірі бойынша телефон арқылы алдын ала жазылу қажет (19 желтоқсанға дейін).

Левел тест ұзақтығы: 30 минут (оқу 20 минут, ауызша бөлім 10 минут).

* Өткен семестрде емтиханнан өте алмаған жағдайда левел-тестке қатысуға болмайды.

* Левел-тест 1В-3А деңгейі аралығында ғана өткізіледі.

 

Тіркелу үшін қажетті құжаттар (1B группасынан жоғары):

1.   Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік).

2.   Оқу ақысы 20 000 теңге.

3.   Фотосурет.

* 3,5 см × 4,5 см, jpg немесе png форматында (200 Кб-тан аспайтын) паспорттық фотосурет.

4.   Алдыңғы деңгейдің сертификаты немесе деңгейлік тестілеу нәтижесі (1B деңгейі және одан жоғары үшін).

5.   Толтырылған анкета (1B деңгейі және одан жоғары үшін).


 

 

САБАҚ КЕСТЕСІ


봄학기시간표



* Сабақтар Корей мәдени орталығында және Ұлттық академиялық кітапханада өтеді. Өтініш бермес бұрын сабақ кестесін мұқият тексеруіңізді сұраймыз. Жасылмен белгіленген сабақтар Ұлттық академиялық кітапханада өтеді.

* Семестр басталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде бір деңгейдегі басқа топқа ауысуға болады (егер басқа группада орын бар болса).

* Тіркеу мерзімі өткеннен кейін оқу ақысын қайтару мүмкін емес.

 

Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 901-113 телефонына немесе koreanculture@mail.ru электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Вложение