바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Корей мәдени орталығы «Целинный» орталығындағы халықаралық көрмеге суретші Ян Хэгюдің туындысын жасауға қолдау көрсетті

    ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Oct 15, 2026 ~ Apr 04, 2027

Корей мәдени орталығы 2026 жылғы 15 қазаннан 2027 жылғы 4 сәуірге дейін «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өтетін «Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс» (2026–2027) халықаралық көрмесіне қатысушы заманауи корей суретшісі Хэгю Янның дыбыстық инсталляциясын жасауға қолдау көрсетті. Бұл жоба қазақстандық көрермендерге заманауи корей өнерін таныстырудың тағы бір мүмкіндігіне айналды.

«Himoya» көрмесінде Янның жалғасып келе жатқан «Әуе жаратылыстары» сериясынан «Әуедегі дыбыстық жаратылыстар — Түнгі тарсылдақтар» (2026) атты үш жаңа мүсіні, сондай-ақ әр тілдік нұсқасы үшін Қазақстанда іріктелген қатысушылардың дауыстарымен жазылған «Құмды үңгірдегі кірекейдің хикаясы» (2009) атты аудиотуындысы ұсынылған. Корей мәдени орталығының қолдауымен «Құмды үңгірдегі кірекейдің хикаясы» аудиожұмысы төрт тілдік нұсқада — Қазақстандағы этникалық корейлердің тілі корё-марда, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде — қайта жазылды. Әр тілдік нұсқаны дыбыстау үшін Қазақстанда арнайы іріктелген қатысушылардың дауыстары пайдаланылды.

Туындыны дайындау барысында Хэгю Ян Алматыда алдын ала зерттеу жүргізіп, шығарманы қосымша мағыналық қырлармен толықтырды. Суретші Алматы маңындағы археологиялық ескерткіштер мен көне петроглифтерді зерттеді. Олар мүсіндік туындының визуалды және тұжырымдамалық негізіне айналды. Туындының пішіні, символикасы мен дыбысталуы қазақтың дәстүрлі соқпалы аспабы — асатаяқтан шабыттанған.

Сондай-ақ суретші Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрына барып, Қазақстандағы корейлердің тарихы және мәдени контексімен танысты. Бұл дыбыстық туындыға жергілікті қатысушылардың дауыстарын, соның ішінде корё-мар тіліндегі дыбыстауды енгізуге түрткі болды. Осылайша, туынды бір оқиғаның түрлі тілдер мен мәдени контекстер арқылы өтіп, жаңа пішіндер мен мағыналарға ие болуын көрсетеді.

Қазақстан мен Кореяның тарихы мен мәдениетінен қалыптасқан заттар мен тілдерді, мифтер мен мәдени контекстерді өзара байланыстыратын Хэгю Янның туындыларын көрмеден 2027 жылғы 4 сәуірге дейін тамашалауға болады.

■ Келушілерге арналған ақпарат

— Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы 

— Өтетін мерзімі: 2026 жылғы 15 қазан – 2027 жылғы 4 сәуір

— Билеттерді сатып алу: билеттерді «Целинный» орталығының ресми сайтынан онлайн немесе Орталықтың кассасынан сатып алуға болады.

— Билет сатып алу сілтемесі: www.tselinny.org

첼리니 센터 국제기획전  《Himoya: Matrilineal Energies, Oracular Kin》 참여 양혜규 작품 제작 지원