Орталық қызметі
2026 KAZAKHSTAN K-COMMUNITY FESTIVAL
-
ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ
Nov 07, 2026
Корей мәдени орталығы барлшаңызды баршаңызды 7 қараша (сенбі) Әзербайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында өтетін 2026 KAZAKHSTAN K-COMMUNITY FESTIVAL іс-шарасына шақырады.
Іс-шара аясында қонақтарды Астана қаласында белсенді қызмет атқарып жүрген корей мәдениетінің K-Community қауымдастықтарының жарқын өнер көрсетілімдері күтеді. Бағдарламада әсерлі K-Pop Cover Dance би нөмірлері мен корейдің дәстүрлі билері ұсынылады. Сондай-ақ театр фойесінде K-Community қатысушылары әзірлеген корей мәдениетімен танысуға арналған түрлі интерактивті бағдарламалар өтеді.
Барлығыңызды фестиваль қонағы болуға шақырамыз!
| ||||||||||
Уақыты | Іс-шаралар бағдарламасы | Өтетін орны | ||||||||
17:00-18:00 | ▪ K-Community қатысушылары дайындаған корей мәдениетімен танысуға арналған түрлі интерактивті алаңдар: корейдің дәстүрлі ойындары, шеберлік сабақтары және басқа да іс-шаралар (кәдесыйлар табысталады). Қатысушылар: - Клуб «Hangeul» (Coventry University Kazakhstan) - Клуб «HanGyu» (Университет MNU) - Клуб «Horangi» (ЕНУ им. Гумилева) - Клуб «KCA» (Astana IT University) - Клуб «NU Korean Club» (Назарбаев Университет) | Театр фойесі | ||||||||
18:00-19:30 | ▪ K-Pop және дәстүрлі би ұжымдарының гала-концерті.
| Сахна | ||||||||
КІРУ ТЕГІН БИЛЕТТЕР АРҚЫЛЫ - Билеттерді алу орны: Корей мәдени орталығы (Астана қ., Иманов көш., 13), келу ретімен. - Уақыты: жұмыс күндері 10:00–17:00 аралығы (түскі үзіліс 12:30–13:30 / билеттер таусылғанға дейін) * Бір адам 3 билетке дейін. ** Билетттер орынды бекітпейді – орындарға отыру келу ретімен жүзеге асады. *** Іс-шара басталғаннан кейін келген көрермендер залға кіргізілмейді. | ||||||||||
■ Әзербайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрына кіру сызбасы:
Әзербайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының концерт залына EXPO көрме кешенінің аумағы арқылы кіруге болады. EXPO аумағына кіреберіс «Mega Silk Way» СОО-ның «E» кіреберісіне қарама-қарсы орналасқан.

Сондай-ақ EXPO көрме кешенінің аумағында жерасты автотұрағы бар. Автотұраққа Т. Рысқұлов көшесі арқылы кіруге болады. Автотұрақ құны: алғашқы 20 минут – тегін, бірінші сағат – 300 теңге, одан кейінгі әр сағат – 200 теңге.


