Орталық қызметі
«Корея Республикасы – Орталық Азия» алғашқы саммитіне орай: балет тіліндегі мәдениеттер диалогы
28 және 29 тамыз күндері «Астана Балет» театрының сахнасында Корея ұлттық балетінің орындауындағы «Корсар» (Le Corsaire) балеті көрермен назарына ұсынылды. Қойылым Корея Республикасының Елшілігінің Корей мәдени орталығы, Корея ұлттық балеті және «Астана Балет» театры бірлесіп ұйымдастырды.
Екі күн ішінде қойылымды шамамен 1 600 көрермен тамашалады. Екі спектакль де аншлагпен өтіп, көрермендер әртістерді зор қошеметпен қарсы алды. Қойылым соңында зал ұзақ уақыт бойы ду қол шапалақтап, әртістерге ыстық ықыласын білдірді.
Корея ұлттық балетінің Қазақстандағы гастрольдік сапары ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сеул қаласында жоспарланған алғашқы «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитіне орай, сондай-ақ Корея мен Қазақстан арасындағы мәдениет пен өнер саласындағы байланыстарды одан әрі кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Саммит қарсаңында өткен бұл мәдени іс-шара екі ел халықтарының өнер арқылы бір-бірін жақынырақ танып, өзара түсіністігін нығайтуына және мәдени байланыстардың одан әрі тереңдеуіне мүмкіндік берді.










