바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Comic Con Astana 2026 фестиваліндегі Корей мәдени орталығының павильоны

    ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Aug 06, 2026 ~ Aug 09, 2026

2026 жылғы 6–9 тамыз аралығында Корей мәдени орталығы «Алау» мұз сарайы мен «Барыс Аренада» өткен Comic Con Astana 2026 фестиваліне қатысып, Корея мәдениетіне арналған павильон ұйымдастырды.


Фестиваль қонақтары үшін төрт тақырыптық аймақтан тұратын квест бағдарламасы әзірленді. Қатысушылар K-вебтундармен танысып, дәстүрлі корей ойындарын ойнап, ханбок киіп көріп, корей мәдениетіне арналған викторинаға қатысты. Осылайша, келушілер Корея мәдениетімен қызықты әрі танымдық форматта танысуға мүмкіндік алды.


Сонымен қатар, танымал «Сончжэні ұста да, қаш» дорамасына негіз болған «Ертеңнің жұлдызы» (The Best of Tomorrow) вебтуны таныстырылды. Келушілер корей вебтундарының ерекшеліктерімен танысып, олардың тартымдылығын жақынырақ сезіне алды.


Корей мәдени орталығының қолдауымен арнайы K-POP бағдарламасы да ұйымдастырылды. Comic Con ұйымдастыру комитетімен келісім негізінде 8 тамыз «Корея күні» болып жарияланып, әлемге әйгілі 1MILLION би командасының бұрынғы хореографы Jay Kim өткізген K-POP шеберлік сабағы, сондай-ақ K-POP Cover Dance командаларының өнер көрсетуі өтті.


9 тамызда K-POP тобы Kandis арнайы концерт қойып, жанкүйерлермен қолтаңба тарату кездесуін өткізді. Бағдарлама фестиваль қонақтарының ерекше қызығушылығына ие болды.



<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영

<2026 아스타나 코믹콘> 한국 문화 홍보관 운영