바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

«Театр алға ұмтылуда!» музыкалық спектаклі

    ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Aug 27, 2026

Корей мәдени орталығы Сеул өнер және мәдениет қоры және Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрымен бірлесіп «Театр алға ұмтылуда!» музыкалық спектаклін ұсынады.


Қойылым 2004 жылдан бері бауырлас қалалар болып табылатын Сеул мен Астана арасындағы мәдени алмасу аясында ұйымдастырылып, сондай-ақ ағымдағы жылдың қыркүйек айында Корея Республикасында өтетін алғашқы «Корея – Орталық Азия» саммиті құрметіне арналады.


«Театр алға ұмтылуда!» музыкалық спектаклі 1932 жылы құрылғаннан бері 94 жылдық тарихын жалғастырып келе жатқан Корей театрының тарихы негізінде сахналанған. Қойылым Кореядан жолға шыққан 13 әртістен тұратын көшпелі театр труппасының тағдырын баяндайды. Сонымен қатар Приморье өлкесіндегі Синханчхон корей ауылынан Орталық Азияға жүк пойыздарымен күштеп қоныс аударылған корейлердің өмірі мен тағдырын сахна тілімен бейнелейді. Қаһарлы аязға, аштық пен ауыр сынақтарға қарамастан, олар өнерге де, туған мәдениетіне де деген адалдығынан айныған жоқ.


Бұл спектакль Сеулде және Орталық Азияның үш елінде – Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда көрсетілетін гастрольдік турдың бір бөлігі болып табылады.

Баршаңызды қойылымды тамашалауға шақырамыз!


Қойылым туралы ақпарат

 Орындаушылар: Сеул өнер және мәдениет қоры QUAD театры

— Өтетін орны: Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1)

— Күні мен уақыты: 2026 жылғы 27 тамыз (бейсенбі), сағат 19:00

— Ұзақтығы: шамамен 100 минут

— Тілі: корей тілі (субтитрлер - қазақ және орыс тілдерінде)


■ Билеттер туралы ақпарат

Спектакльге кіру тегін билеттер арқылы жүзеге асырылады.

Билеттерді екі форматта алуға болады: электрондық және қағаз түрінде.

1. Электрондық билеттерді Тикетон сайты арқылы алуға болады: 

https://ticketon.kz/kz/theatres/event/tckt2-teatr-mchitsya-vpered-astana

2. Қағаз билеттерді Корей мәдениет орталығынан алуға болады. Мекенжайы: Астана қаласы, Иманов көшесі, 13. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін (түскі үзіліс: 12:30 - 13:30).


■ Назар аударыңыз:

 Бір адам іс-шараға ең көбі үш билет ала алады.

 Билет орынды бекітпейді. Көрермендер келген ретпен еркін отырады.

 Кешіккендер билет болған жағдайда да залға кіргізілмейді.


«Театр алға ұмтылуда!» музыкалық спектаклі