Орталық қызметі
«Корсар»: Korean National Ballet гастролі Astana Ballet театрында
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJul 15, 2026
Корей мәдени орталығы Korean National Ballet және Astana Ballet театрымен бірлесіп, «Корсар (Le Corsaire)» классикалық балетін ұсынады.
Қойылым ағымдағы жылдың қыркүйек айында Корея Республикасында өтетін алғашқы «Корея – Орталық Азия» саммитіне орай ұйымдастырылып, Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени-өнер саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.
Ағылшын ақыны Джордж Байронның аттас поэмасының желісі бойынша сахналанған «Корсар (Le Corsaire)» балеті қарақшылар мен сұлу Медораның әсерлі оқиғасын баяндайды. Қойылымды Корея ұлттық балетінің бишісі әрі хореографы Сон Чжонбин қайта сахналаған. 2020 жылғы премьерасынан бері спектакль көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, Корея ұлттық балетінің ең танымал репертуарларының біріне айналды.
Баршаңызды осы ерекше қойылымға шақырамыз!
Қойылым туралы ақпарат
—Өтетін орны: Astana Ballet театры (Астана қ., Ұлы Дала даңғылы, 43)
—Күні: 2026 жылғы 28–29 тамыз (жұма–сенбі)
—Билет сатып алу: Ticketon платформасы арқылы
—Сілтеме: ticketon.kz
