바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

«2026 ONE BEAT: K-POP & Q-POP» концерті

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 12, 2026

2026 жылғы 27 маусымда сағат 18:00-де Алматы қаласындағы Республика сарайында кореялық K-Pop және қазақстандық Q-Pop әртістерінің қатысуымен танымал музыкалық кеші өтеді.


Сахнада кореялық TIOT тобы мен қазақстандық ALPHA тобы өнер көрсетеді.


Бұл концерт Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» РҚБ және Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастыратын «2026 Korea–Kazakhstan Culture and Trade Week» фестивалінің жарқын қорытындысы болмақ.


Баршаңызды осы мерекелік кештің қонағы болып, әсерлі музыкалық бағдарламадан ләззат алуға шақырамыз!


Концерттерге кіру тегін билеттер арқылы жүзеге асырылады.


Билеттерді беру келесі мекенжайларда жүзеге асырылады:


1. «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ кеңсесінде (Алматы қ., «Корея үйі», Гоголь көшесі, 2). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:30–17:00, түскі үзіліс 13:00–14:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.

2. Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында (Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 158). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 10:00–17:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!

* Бір адам әр іс-шараға төрт билеттен артық ала алмайды.

** Билеттерде орын нөмірлері көрсетілмейді — көрермендер залға келу реті бойынша орналастырылады.

*** Кешігіп келген көрермендер залға кіргізілмейді.

**** Жас шектеуі: 7+


2026 One Beat: K-POP & Q-POP