바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

«2026 KAZAKHSTAN K-POP COVER DANCE CHAMPION» би байқауы

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 11, 2026

2026 жылғы 26 маусымда сағат 19:00-де Алматы қаласындағы Республика сарайының сахнасында «2026 Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion» би байқауының финалы өтеді.


Бір сахнада Қазақстанның үздік K-Pop cover dance командалары бақ сынайды. Биылғы байқау корей поп-мәдениеті бағытындағы Қазақстандағы ең ірі екі байқаудың финалистерін біріктіреді:


• Астанада өткен «K-STAGE» байқауының 5 финалист командасы;

• Алматыда өткен «K-POPSTAR.KZ» байқауының 5 финалист командасы.


Аталған байқау Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» РҚБ және Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастыратын «2026 Korea–Kazakhstan Culture and Trade Week» фестивалінің екінші күнгі бағдарламасы аясында өтеді.


Фестивальдің арнайы қонағы — кореялық TIOT тобы.


K-Pop пен корей мәдениетін сүйетін барша жанкүйерлерді қатысушыларға қолдау көрсетіп, осы жарқын мерекенің қонағы болуға шақырамыз!




Концерттерге кіру тегін билеттер арқылы жүзеге асырылады.


Билеттерді беру келесі мекенжайларда жүзеге асырылады:

1. «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ кеңсесінде (Алматы қ., «Корея үйі», Гоголь көшесі, 2). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:30–17:00, түскі үзіліс 13:00–14:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.


2. еспубликалық мемлекеттік академиялық корей театрында (Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 158). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 10:00–17:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!

* Бір адам әр іс-шараға төрт билеттен артық ала алмайды.

** Билеттерде орын нөмірлері көрсетілмейді — көрермендер залға келу реті бойынша орналастырылады.

*** Кешігіп келген көрермендер залға кіргізілмейді.

**** Жас шектеуі: 7+


2026 카자흐스탄 K-POP 커버댄스 챔피언