Орталық қызметі
«Ариран: Өткеннің жаңғырығы, бүгіннің үні» мерекелік концерті
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 10, 2026
2026 жылғы 25 маусымда сағат 19:00-де Алматы қаласындағы Республика сарайының сахнасында Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының «Ариран: Өткеннің жаңғырығы, бүгіннің үні» атты ерекше концерті өтеді. Бұл кеш Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Корей мәдени орталығы, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ және Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырып отырған ауқымды «2026 Korea–Kazakhstan Culture and Trade Week» фестивалінің жарқын ашылуы болмақ.
Кеш сахнасында Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының ұжымы, «Алматы Әуендері» құрамындағы А. Әшімов атындағы театр әртістері және IL CANTO вокалдық квартеті бас қосады.
Баршаңызды концертке шақырамыз!
Концерттерге кіру тегін билеттер арқылы жүзеге асырылады.
Билеттерді беру келесі мекенжайларда жүзеге асырылады:
1. «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ кеңсесінде (Алматы қ., «Корея үйі», Гоголь көшесі, 2). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:30–17:00, түскі үзіліс 13:00–14:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.
2. Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында (Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 158). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 10:00–17:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!
* Бір адам әр іс-шараға төрт билеттен артық ала алмайды.
** Билеттерде орын нөмірлері көрсетілмейді — көрермендер залға келу реті бойынша орналастырылады.
*** Кешігіп келген көрермендер залға кіргізілмейді.
**** Жас шектеуі: 7+
