Орталық қызметі
2026 Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 09, 2026
2026 жылғы 25–27 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республика сарайында Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» РҚБ және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, екінші жыл қатарынан ауқымды «2026 Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week» мәдени-сауда апталығын өткізеді.
Іс-шара аясында корей-қазақстандық мерекелік концерт, «Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion» би байқауының финалы, K-Pop және Q-Pop әртістерінің концерті, сондай-ақ көрме стендтері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.
Баршаңызды осы ерекше мәдени мерекеге қатысуға шақырамыз!
■ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Атауы: 2026 Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week
Өтетін күндері: 2026 жылғы 25–27 маусым
Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика сарайы,
Ұйымдастырушылар: Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» РҚБ, Алматы қаласының әкімдігі
Серіктестер: Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, Корея Республикасының Ауыл шаруашылығы, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясының Мәскеудегі өкілдігі (aT), Корея туризм ұйымының Алматыдағы өкілдігі, Корея Республикасының Бас консулдығы жанындағы коммерциялық бөлім (KOTRA), Корея Республикасының ШОБ және стартаптар істері агенттігі, LG Electronics Kazakhstan және т.б.
25 маусым (бейсенбі) | «Ариран: Өткеннің жаңғырығы, бүгіннің үні» мерекелік концерті |
Сипаттамасы: | 2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарланған сапары қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылатын мерекелік концерт |
Уақыты: | 19:00 |
Өтетін орны: | Республика сарайы |
Қатысушылар: | Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, «Алматы Әуендері» ұжымының әртістері (Ә. Әшімов театры), «IL CANTO» тобы |
26 маусым (жұма) | «2026 KAZAKHSTAN K-POP COVER DANCE CHAMPION» би байқауы |
Сипаттамасы: | K-Pop би байқауының финалы |
Уақыты: | 19:00 |
Өтетін орны | Республика сарайы |
Қатысушылар: | Үздіктер арасындағы үздіктер - Қазақстандағы биылғы ең ірі екі K-Pop байқауының үздік финалистері: — «K-STAGE» (Астана) байқауының 5 финалист командасы — «K-POPSTAR.KZ» (Алматы) байқауының 5 финалист командасы *Кореялық TIOT тобының арнайы өнер көрсетуі |
27 маусым (сенбі) | «2026 ONE BEAT: K-POP & Q-POP» концерті |
Сипаттамасы: | K-Pop жанрындағы кореялық әртістер мен Q-Pop жанрындағы қазақстандық әртістер қатысатын заманауи музыка концерті |
Уақыты: | 18:00 |
Өтетін орны: | Республика сарайы |
Қатысушылар: | Кореялық TIOT тобы, қазақстандық ALPHA тобы |
■ БИЛЕТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Концерттерге кіру тегін билеттер арқылы жүзеге асырылады.
Билеттерді беру келесі мекенжайларда жүзеге асырылады:
1. «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ кеңсесінде (Алматы қ., «Корея үйі», Гоголь көшесі, 2). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:30–17:00, түскі үзіліс 13:00–14:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.
2. Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында (Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 158). Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 10:00–17:00, cенбі-жексенбі — 11:00–16:00.
Билеттерді тарату мерзімі: 2026 жылғы 10 маусымнан бастап
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!
* Бір адам әр іс-шараға төрт билеттен артық ала алмайды.
** Билеттерде орын нөмірлері көрсетілмейді — көрермендер залға келу реті бойынша орналастырылады.
*** Кешігіп келген көрермендер залға кіргізілмейді.
**** Жас шектеуі: 7+
■ КӨРМЕ СТЕНДТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
25-27 маусым | Іс-шара серіктестерінің промо-стендтері |
Сипаттамасы: | Кореялық серіктес ұйымдардың корей мәдениеті мен өнімдерін таныстыратын көрме стендтері жұмыс істейді. Сонымен қатар, интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылып, корей тағамдарының дәмін тату шаралары өткізіледі. |
Уақыты: | 16:00 - 19:00 |
Өтетін орны: | Республика сарайының кіреберіс аймағы |
Қатысушылар: | Корея Республикасының Ауыл шаруашылығы, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясының Мәскеудегі өкілдігі (aT); Корея туризм ұйымының Алматыдағы өкілдігі; Корея Республикасының Бас консулдығы жанындағы коммерциялық бөлім (KOTRA); Корея Республикасының ШОБ және стартаптар істері агенттігі; LG Electronics Kazakhstan және басқа ұйымдар |
* Көрме аймағына кіру үшін билет қажет емес.
