바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Астанада Корея ұлттық операсының «Opera Voyage» опералық гала-концерті өтті

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 07, 2026

2026 жылғы 7 маусымда Корей мәдени орталығы «Астана Опера» театрында Корея ұлттық операсының «Opera Voyage» опералық гала-концертін өткізді.

Концерт Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі мен Корей халықаралық мәдени алмасу қорының (KOFICE) қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Touring K-Arts жобасы аясында Корей мәдени орталығы мен Корея ұлттық операсының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.

Бейжің қаласындағы концерттен кейін өнер ұжымы өз бағдарламасын Астана көрермендеріне ұсынды. Концертте Корея ұлттық операсының жас әртістері өнер көрсетіп, жоғары кәсіби шеберлігімен және әсерлі орындауымен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бағдарламаға корей авторлық «Soul Mate» операсынан гала-үзінділер, әлемге әйгілі опера ариялары және корей классикалық әндері енді.

Концерттің ерекше сәттерінің бірі ретінде биске орындалған қазақтың танымал «Көзімнің қарасы» әнін атап өтуге болады. Бұл туынды көрермендердің зор қошеметіне ие болып, концерттің жарқын қорытындысына айналды.

Концертке қатысушылар:

• Сопрано Чхве Ёнвон

• Сопрано Чин Чуын

• Сопрано Ча Еын

• Тенор Ким Хёнсо

• Тенор Ким Хансон

• Баритон Нам Кичхан

• Баритон Ким Чанхён

• Концертмейстер О Чемин

• Режиссёр Чу Доквон


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최


국립오페라단 갈라 콘서트 <오페라 여행(Opera Voyage)> 개최