Орталық қызметі
Астана қаласында пианист Станислав Хегайдың қатысуымен Жаңа жылдық концерт өтті
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯDec 23, 2024
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ63 Hit
23-желтоқсан(дүйсенбі) күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы «QAZAQSTAN» орталық концерттік залында Корея Республикасы елшілігі Корей мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылған «Qazaqconcert» Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен біртуар қазақстандық пианист - этникалық корей - Станислав Хегайдың концерті өтті.
Осы іс-шараны өткізу арқылы Корей мәдени орталығы Қазақстанның этникалық корей әртісінің музыкалық талантын құрметтеуге, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы "Qazaqconcert" жетекші қазақстандық концерттік ұйымымен ынтымақтаса отырып, Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық және әріптестік байланыстарын нығайтуға үлес қосуға ұмтылды.
Концерт Қазақ ұлттық өнер университетіндегі "Жастар" хорының қойылымымен ашылды. Одан әрі көрермендер Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қойылымы мен көрермендердің ерекше ықыласына бөленген пианист Станислав Хегайдың жеке қойылымын тамашалады.









