Орталық қызметі
2025 жылы K-Community корей мәдениеті қауымдастықтарын қолдау бағдарламасы
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯDec 20, 2024
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ181 Hit
- Вложение
Корей мәдени орталығы, қазақстандық K-Community корей мәдениеті қауымдастықтарын дамытуға жәрдемдесу мақсатында, келесі жылы осы қауымдастықтардың Корей мәдениетін кеңінен таныту және Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени алмасуды нығайтуға байланысты іс-шараларын өткізу кезінде қолдау көрсету бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Қарауға өтінім бергісі келетін қауымдастықтар төмендегі бағдарламаның шарттарымен таныса алады. Егер сіздің өтініміңіз мақұлданса, онда Корей мәдени орталығы сізбен жеке байланысады.
Қызығушылық танытып, қатысып көріңіздер.
Бағдарлама бойынша ақпарат:
[Өтінім беру тәсілі]
• Өтінім формасын толтырып, 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін (жұма) электрондық пошта contest-kcc@mail.ru-ға жіберіңіз. Өтінім формасын төмендегі қосымшадан жүктеп алуға болады.
*Электрондық пошта тақырыбы мен файл атауын келесідей толтырыңыз: "2025 K-Community Support Program - қауымдастық атауы".
[Қолдау кезеңі]
• 2025 жылдың ақпан айының соңынан 2025 жылдың қарашасына дейін.
[Кім өтінім бере алады]
• Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұратын корей мәдениеті қоғамдастығы.
• Мәдени іс-шараларды белсенді және жауапкершілікпен ұйымдастыруға қабілетті қоғамдастық.
[Қолдау көрсетілетін іс-шаралар мен шығындар]
• [Іс-шаралар] Корей мәдениетін кеңінен танытуға және Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды нығайтуға бағытталған іс-шаралар.
• [Шығындар] Шара өткізетін орын мен жабдықтарды жалға алу, тауарларды сатып алу, жарнамалық материалдарды өндіру.
[Қолдау көрсетілмейтін іс-шаралар]
• Мәдениетті қарапайым қабылдау және бос уақытты өткізуге бағытталған іс-шаралар (мысалы: фильмді немесе сериалды бірге көру, бірге тамақтану, тәттілерді ұсыну және т. б.)
• Саяси, діни идеяларды насихаттауға немесе белгілі бір адамдар не ұйымдарды танытуға бағытталған іс-шаралар.
• Табыс немес пайда табуға бағытталған коммерциялық сипаттағы іс-шаралар (мысалы, кіру билеттерін сату, қатысу ақысы).
* Өтінім беру шарттары бойынша толық ақпарат алу үшін PPT форматындағы файлмен(қосымшада) танысуыңызды сұраймыз.
[Байланыстар]
• Телефон: +7 (7172) 901-113~5
• Электрондық пошта: contest-kcc@mail.ru