Орталық қызметі
Астана қаласында өтетін корей тілі бойынша 108-ші біліктілік тестке (TOPIK) қатысу жарнасын төлеген үміткерлердің тізімі
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJul 21, 2026
- Вложение
Корей мәдени орталығы Астана қаласында өтетін корей тілі бойынша 108-ші біліктілік тестке қатысу жарнасын төлеген үміткерлердің тізімін жариялайды.
Емтиханға тек емтихан жарнасын төлегендер тізімінде бар үміткерлер ғана қатыса алады. 108-ші TOPIK тестіне қатысуға тек жарнаны толық төлеген үміткерлер жіберіледі.
❗️Тізімде қызыл түспен белгіленген үміткерлердің тіркеу құжаттарына түзетулер енгізу немесе қосымша ақпарат ұсыну қажет.
Осыған байланысты 21 шілде сағат 17:00-ге дейін TOPIK тіркеуіне арналған электрондық пошта (astana.topik@gmail.com) немесе +7 (7172) 901-113 телефон нөмірі арқылы Корей мәдени орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. (ресепшннің жұмыс уақыты: 10:00–17:00, түскі үзіліс: 12:30–13:30.)
Қатысушылар 13 қазаннан (сейсенбі) кейін Корей мәдени орталығының ресми сайтынан тест өтетін орынды, қатысушы нөмірін және емтихан аудиториясын тексере алады.
13 қазаннан (сейсенбі) кейін емтиханға қатысу рұқсат қағазын TOPIK ресми сайтынан (http://www.topik.go.kr) басып шығаруға болады.
108-ші корей тілін меңгеру деңгейін анықтау тесті (TOPIK) өтетін күні — 18 қазанда (жексенбі) — емтиханға қатысу рұқсат қағазы мен жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде өзіңізбен бірге алып келуіңізді сұраймыз.
Назарларыңызға рақмет!