바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Корей тілі бойынша 108-ші біліктілік емтиханы (TOPIK) туралы хабарландыру

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 15, 2026

1. Емтихан күні: 2026 ж. 18 қазан (жексенбі)

 

2. Емтихан түрлері

 

Кесте 1. Емтихан деңгейлері


Деңгей

Ішкі деңгей

Бағалау критерийі

TOPIK I

1, 2

Күнделікті өмірге қатысты жеке әңгімелерді тыңдаптүсініпталдау қабілетін бағалау.

TOPIK II

3, 4, 5, 6

Қоғамдық өмір үшін маңызды мәтіндердісондай-ақ экономикағақоғамға және мәдениетке қатысты ақпараттарды түсіну және талдау дағдыларын бағалау.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ108-ші TOPIK емтиханынан бастап TOPIK I және TOPIK II емтихандарының басталу уақыты бірдей болады — 9:40. Өтінім берер кезде төменде көрсетілген аудиторияға кіру және шығу уақыттарын ескерулеріңізді сұраймыз.

Кесте 2. Аудиторияға кіру/шығу уақыты


Деңгей

Бөлім

Санат

Казақстан

Ұзақтығы

Кіргізу 
басталуы

Кіргізу 
аяқталуы

Емтиханның басталуы

Емтиханның аяқталуы

TOPIK 

1-бөлім

Тыңдалым
оқылым

08:50

09:10

09:40

11:20

100

TOPIK 

1-бөлім

Тыңдалым
жазылым

08:50

09:10

09:40

11:30

110

TOPIK 

2-бөлім

Оқылым

 

11:50

12:00

13:10

70


3. Онлайн тіркеу

Қатысушылар саныTOPIK I — 50 адам, TOPIK II — 120 адам.

Назар аударыңыз! Жағдайға байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

 

Онлайн-тіркеу уақыты:

TOPIK I, II: 2026 жылғы 13 шілде (дүйсенбісағат 14:00-ден бастап

Назар аударыңыз! Орындар толық толған жағдайда тіркеу мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін.

 

Тіркелу әдісі: Google Form арқылы(https://forms.gle/LoUuTA3swcQEK9799)

— Тіркеу сілтемесін басыңыз
TOPIK I және TOPIK II тіркеу сілтемелері 13 шілде (дүйсенбісағат 14:00-ден бастап Корей мәдени орталығының сайтында және Instagram парақшасында қолжетімді болады.
→ Тапсырушының барлық деректерін дұрыс енгізіңіз
→ 3×4 фотосуретін және жеке куәлігінің сканерленген көшірмесін немесе паспорты/шетелдіктің тұруға ықтиярхатын жүктеңіз
→ «Жіберу» батырмасын басыңыз.

  • Туу туралы куәлікстуденттік билеткөлік картасы және т.с.с құжаттар жеке басты куәландыратын құжат ретінде қабылданбайды.

  • Жеке куәлігіңіздің көшірмесі (скан немесе суретімен 3хөлшемдегі (200 КБ аспайтынтөлқұжат стандартына сәйкес фотосурет дайындау қажет (Фотосурет соңғы айда жасалған болуы керек).

  • Тіркеу кезек тәртібімен жүзеге асырылады және орындар толық толған жағдайда автоматты түрде жабылады.

  • Онлайн тіркеу әр адамға жеке жүргізіледітоптық тіркеуге жол берілмейді.

 

Онлайн тіркелу үшін:

  • Қатысушының Google аккаунты болуы керек (@gmail.com электрондық поштасы). Бір аккаунтпен тек бір адамды ғана тіркеуге рұқсат етіледі.

  • Жеке басты куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасыжеке куәліктөлқұжат немесе шетелдік азаматтың ықтиярхаты. (Туу туралы куәлікстуденттік билеткөлік картасы және т.с.с құжаттар жеке басты куәландыратын құжат ретінде қабылданбайды)

  • Соңғы ай ішінде түсірілген 3×4 өлшеміндегі фотосурет.

Назар аударыңыз! Тіркелу барысында өткізген жеке мәліметтер немесе құжаттар толық және дұрыс болмаған жағдайда қатысушы тіркелмеген болып есептеледі.

 

4. Құжаттар мен төлем

 

Қолма-қол ақшамен төлем: 2026 жылғы 15 шілдеден (сәрсенбі) 16 шілдеге (бейсенбідейінсағат 10:00-ден 17:00-ге дейінТүскі үзіліс: 12:3013:30

Kaspi арқылы төлем: 2026 жылғы 15 шілдеден (сәрсенбі) 16 шілдеге (бейсенбідейінсағат 09:00-дан 14:00-ге дейін (көрсетілген мерзімнен бұрын немесе кейін жасалған төлемдер қабылданбайдыал тіркеу жойылады).

 

Төлем жасау әдісі:

4.1. Қолма-қол төлем:

  • Емтихан жарнасын төлеу және қатысу туралы өтініш бланкін алу құқығы тек онлайн тіркеуден өткен және Корей мәдени орталығының сайтында жарияланған тізімге енген қатысушыларға ғана беріледі.

  • Онлайн тіркеуден өткеннен кейін қатысушы төлем жасау мерзімі ішінде Корей мәдени орталығына келіпемтиханға қатысу туралы толтырылған өтініш қағазын (өтініш қағазын алдын ала сайттан жүктепүйде толтыру қажет), жеке куәліктің (немесе төлқұжатшетелдіктің ықтиярхаткөшірмесін тапсырыпемтихан жарнасын төлеуі тиіс.

  • Жарна төлеген қатысушылардың тізімі төлем мерзімі аяқталғаннан кейін Орталықтың сайтында жарияланады.

  • Егер емтихан жарнасы белгіленген мерзімде төленбесетіркеу күшін жояды және келесі емтиханға қатысу мүмкіндігі болмайды.

  • Жарнаны сенімді тұлға арқылы төлеуге болады (бір адам тек бір қатысушы үшін төлей алады); ұжымдық төлем қабылданбайды.

 

4.2. Kaspi арқылы төлем:

  • Емтихан жарнасын төлеу және қатысу туралы өтініш бланкін алу құқығы тек онлайн тіркеуден өткен және Корей мәдени орталығының сайтында жарияланған тізімге енген қатысушыларға ғана беріледі.
    Онлайн тіркеуден өткен қатысушыларға ғана емтихан жарнасын Kaspi арқылы төлеуге рұқсат етіледі

  • (Төлем жасауға қажетті реквизиттер кейін жарияланады).

  • Қатысушы белгіленген төлем мерзімі ішінде емтихан жарнасын өзінің Kaspi шотынан (немесе сенімді адамның шотынанаударуға міндеттіСодан кейін төлем түбіртегі мен емтиханға қатысу туралы өтініш қағазын (өтініш формасын Орталықтың сайтынан жүктеп алыпүйде толтыру қажетКорей мәдени орталығының astana.topik@gmail.com электронды поштасына жіберуі тиіс.

  • Жарна төлеген қатысушылардың тізімі төлем мерзімі аяқталғаннан кейін Орталықтың сайтында жарияланады.

  • Егер емтихан жарнасы белгіленген мерзімде төленбесетіркеу күшін жояды және келесі емтиханға қатысу мүмкіндігі болмайды.

 

Емтихан жарнасы: TOPIK I (1, 2 деңгейлер– 10 000 теңге, TOPIK II (3, 4, 5, 6 деңгейлер) - 15000 теңге

Емтихан жарнасын қолма-қол ақшамен төлеу орны: Корей мәдени орталығы (Астана қ., Иманов көшесі, 13-үй)
Тел. +7 (7172) 901-113~5

Қолма-қол төлем жасау үшін керек құжаттар тізімі: басып шығарыптолтырылған өтініш қағазы (анкета), 3x4 өлшемдегі дана фотосуретқолма-қол ақша мен жеке куәліктің (немесе паспорттыңкөшірмесі.

 

Құжаттар бойынша маңызды ақпарат:

  • Жеке куәлігітөлқұжаты немесе шетелдіктің ықтиярхаты жоқ қатысушыларемтиханға тіркеле алмайды.

  • Туу туралы куәлікстуденттік билеткөлік картасы және т.с.сқұжаттар жеке басты куәландыратын құжат ретінде қабылданбайды.
    Мүмкіндігі шектеулі қатысушылар келесі құжаттарды қосымша тапсыруға міндеттіарнайы өтініш және медициналық анықтама (1 дана).

  • Денсаулық жағдайына байланысты электрондық құрылғыларды (қант деңгейін өлшейтін құрал және т.б.) пайдалануы қажет үміткерлер өтініш берер алдында Корей мәдени орталығының TOPIK қабылдау электрондық поштасына (astana.topik@gmail.com) алдын ала рұқсат алу туралы өтініш жолдауы тиіс.
    Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркелуі қажетпайдаланылатын электрондық құрылғы туралы толық мәлімет (дыбыс шығару-шықпауын көрсету), дәрігердің анықтамасы (медициналық қорытынды— әрқайсысы дана.

  • Егер қатысушы Қазақстан азаматы болмасатөлқұжат көшірмесі қажет.

 

Емтихан ақысын қайтару мерзімі мен әдісі:

Қайтарымға өтініш беру мерзімі

Қайтару мөлшері

1-кезең

2026 жылғы 15 шілдеден (сәрсенбі) 16 шілде (бейсенбісағат 12:00-ге дейін

100% (толық қайтарым)

2-кезең

2026 жылғы 16 шілде (бейсенбі), сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін

50% (жартылай қайтарым)


Қайтарымға өтініш беру тәсілі:

  • Қайтарым кезеңінде TOPIK қабылдау поштасы (astana.topik@gmail.com) арқылы өтініш жолдау қажетӨтінішке келесі құжаттар тіркеледіемтихан төлемі туралы түбіртекжеке куәліктің скан нұсқасытапсырушының аты-жөніқайтарым жасалатын банк шотының нөмірі. 2026 жылғы 16 шілдеден кейін төлем сомасы нақты бекітілетіндіктен, 17 шілдеден бастап қайтарым жасауға болмайды.

  • Қайтарым 2026 жылғы 16 тамыздан кейін басталады.

  • Қаражатты қайтаруға берілген өтінімді қайта кері қайтару мүмкін емесҚайтарым рәсімдеген үміткерлер емтиханға жіберілмейді.

 

5. Емтихан тапсырушылардың аудиториясын анықтау

Емтихан тапсырушылардың аудиториясын Корей мәдени орталығының сайтында көруге болады.

Уақыты: 2026 ж. 13 қазаннан (сейсенбібастап


6. Емтихан тапсыру орны

Емтихан өтетін орын: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 гимназияИманов көшесі, 37.

Назар аударыңыз! Емтихан күні жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасы міндетті түрде өзіңізбен бірге болуы қажет. eGov немесе Kaspi Bank қосымшасындағы жеке куәлікпен тестілеу орнына кіруге рұқсат етілмейді.

 

7. Басқа да маңызды ақпарат

  • Тіркеу бірінші тіркелгендер кезегімен жүргізіледіСол себепті уақытынан ерте аяқталуы мүмкін.

  • Корей тілі бойынша емтиханға тіркелу үшін алдымен онлайн тіркеуден өтусодан кейін емтихан жарнасын төлеу және соңында тестке қатысуды растайтын құжатты алу қажет.

  • Тіркеуді растау үшін келесі құжаттарды тапсыру қажетемтихан жарнасының төлеміжеке куәлік және фотосурет.

  • Жеке деректерді толық ұсынбаған немесе белгіленген мерзімде төлем жасамаған қатысушылардың тіркелуі жойылады.