바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

КОРЕЙ ТІЛІ БОЙЫНША 99-ШЫ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІ (TOPIK)

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJan 11, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ471 Hit

Корей тілі бойынша 99-шы біліктілік тесті (TOPIK) туралы хабарландыру

 

1. Емтихан күні: 2025 ж. 13 сәуір (жексенбі)



2. Емтихан түрлері

Емтихан деңгейі

Деңгей

Бағалау

TOPIK I

1, 2

Күнделікті өмірге қатысты жеке әңгімелерді тыңдап, түсініп, талдау қабілетін бағалау.

TOPIK II

3, 4, 5, 6

Әлеуметтік өмірге қажетті мәтіндерді, экономика, қоғам, мәдениет 

салаларына қатысты мәліметтерді түсіну және талдау қабілетін бағалау.

 


3. Онлайн тіркеу

Тіркелушілер саны: TOPIK I – 100 адам / TOPIK II – 150 адам

Саны өзгеруі мүмкін

 

Онлайн тіркеу уақыты

 TOPIK I, II: 2025 ж. 21 қаңтар (сейсенбі) сағат 10:00-ден бастап (Тіркелу жоспарланған уақыттан бұрын аяқталуы мүмкін)

• Тіркелу әдісі: Google Form арқылы (https://forms.gle/CmBrZmKCnqSYAtQz8)

- Тіркеу сілтемесін басу (TOPIK I, II: 21 қаңтар, сейсенбі сағат 10:00-ден бастап Корей мәдени орталығының Instagram парақшасы мен сайтында қолжетімді) → Қатысушының барлық мәліметтерін дұрыс енгізу → Фотосурет (3х4) пен жеке куәлік файлын (немесе паспорт, шетелдіктің тұруына ықтиярхатын) жүктеу → «Жіберу» батырмасын басу

 

* Туу туралы куәлік, студенттік билет, көлік картасы және eGov (немесе басқа банк) қолданбасынан алынған құжаттар жеке куәлік ретінде қабылданбайды.

* Жеке куәлік көшірмесі мен 3х4 өлшемдегі (200 КБ аспайтын) төлқұжат стандартына сәйкес сурет дайындау қажет. (Сурет соңғы 6 ай ішінде түсірілген болуы керек.)

* Тіркелу үшін міндетті түрде Gmail аккаунты болу керек. Бірнеше адам бір gmail аккаунтымен тіркеле алмайды.

Тіркеу тіркелу реті бойынша жүргізіледі. Қажетті адам саны толғаннан кейін тіркелу жабылады.

* Онлайн тіркеуді жеке өзі жасау керек, топтық тіркеуге жол берілмейді.

        * Тіркелу кезінде жеке ақпарат немесе жеке құжатты жібермеген жағдайда қатысушы тіркеуден есептеледі.


 

4. Құжаттар мен төлем

 Төлем мерзімі:

Қолма-қол төлем: 2025 жылғы 24 қаңтар (жұма) (10:00–17:00, түскі үзіліс 12:30–13:30)

Kaspi арқылы төлем: 2025 жылғы 24 қаңтар (жұма) 23:59-ға дейін (кешіктірілген төлем қабылданбайды)

 

Төлем жасау әдісі

* Корей мәдени орталығының сайтында онлайн тіркеуден өткен тест тапсырушылардың тізімі жарияланады. Осы тізімде болған оқушылар ғана тест ақысын төлей алады.

* Google Forms толтырған кезде «Kaspi арқылы төлем» немесе «Қолма-қол төлем», екеуінің біреуін таңдау керек. Google Forms тапсырған соң, таңдауды өзгертуге болмайды.

 

1) Қолма-қол төлем: Онлайн тіркеуден өткен қатысушылар ғана (Корей мәдени орталығы сайтында көрсетілген тізімдегі) төлей алады.

- Тіркеуден кейін өзіңіз барып, құжаттарды тапсыру және төлем жасау қажет.

- Қолма-қол төлем жасауға келген кезде өзіңізбен жеке куәлік немесе паспорттың көшірмесін алып келіп орталық қызметкеріне тапсырып, тестке өтінішті сайттан жүктеп алып, алдын ала толтырып әкелу керек.

 

2) Kaspi арқылы төлем: Төлем сілтемесі әр адамға жеке жіберіледі. Төлем жасау күні сізге түске дейін Kaspi қолданбасында хабарлама келеді. Хабарламаны өткізіп алмас үшін Kaspi қолданбасының хабарларын қосып қоюыңызды сұраймыз. (Төлемді 24 қаңтар күні 23:59 дейін жасау керек. Онлайн төлем жасалмаған жағдайда тіркеуден өтпеген болып есептеледі.)

- Төлем жасалған соң Корей мәдени орталығының сайтынан алдын ала жүктелген өтінішті басып шығарып, толтырып, төлемді растайтын құжатпен бірге astana.topik@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.

- Тіркелу өткенін Корей мәдени орталығының сайтындағы хабарлама арқылы тексеруге болады.

- Бір адам тек бір адам үшін ғана тіркеле алады.

 

 Тест бағасы: TOPIK I (1-2 деңгей): 7000 теңге, TOPIK II (3-6 деңгей): 11000 теңге

- Қолма-қол төлем жасау үшін Астана қаласы, Амангелді Иманова көшесі 13 мекенжайы бойынша келу керек (Тел. +7 7172 901 113)

- Қолма-қол төлем жасау үшін келген кезде өзіңізбен бірге екі 3x4 суретін және бастырып шығарылған және толтырылған өтінішті, қолма-қол ақша мен жеке куәлік (немесе паспорттың) көшірмесін алып келуді ұмытпаңыз.

 

Құжаттар бойынша маңызды ақпарат

- Жеке куәлік, паспорт немесе шетелдіктің тұруға ықтиярхаты жоқ қатысушылар емтиханға тіркеле алмайды.

- Туу туралы куәлік, студенттік билет, көлік картасы жеке куәлік ретінде қабылданбайды.

 

Мүгедек қатысушыларға арналған қосымша талаптар

- Арнайы жағдай жасауға өтініш тапсыру керек

- Дәрігерлік анықтама керек (1 дана)

 

* Егер қатысушы Қазақстан азаматы болмаса, паспорт көшірмесі қажет.


Емтихан ақысын қайтару мерзімі мен әдісі:

Қайтару мерзімі

Қайтару мөлшерлемесі

1 кезең

2025 ж. 24 қаңтар, 10:00 ~ 23:59

100% (толық қайтарым)

2 кезең

2025 ж. 25 қаңтар ~ 29 қаңтар

50% (жартылай қайтарым)


Қайтару әдісі:

• Қайтару мерзімі ішінде тестке тіркеу astana.topik@gmail.com электронды поштасы арқылы өтініш беру қажет.

• Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі: төлем чегі, жеке куәлік көшірмесі, қатысушының аты-жөні және қайтаруды сұрайтын есепшот нөмірі.

• 29 қаңтардан кейін төлем толық расталады, сондықтан 30 қаңтардан бастап ақшаны қайтару мүмкін емес.

• Өтініш мақұлданғаннан кейін қайтарым төлем тәсіліне байланысты (қолма-қол немесе аударым) жүзеге асырылады.

• Қайтаруды мақұлдауға 10 жұмыс күні кетуі мүмкін.

• Аударым үшін комиссия алынуы мүмкін (қосымша ақпарат кейін жарияланады).

* Қайтаруға өтініш жасалған жағдайда қайта қатысу үшін өтініш беру мүмкін емес. Ақша қайтаруға өтініш берген қатысушы тестке кіре алмайды.

 


5. Тест тапсырушылардың аудиториясын анықтау

 Тест тапсырушылардың аудиториясын Корей мәдени орталығының сайтында көруге болады.

 Уақыты: 2025 жылғы 8 сәуір (сейсенбі)

 


6. Тестілеу орны:

 Астана қаласы (нақты мекенжайы кейін жарияланады)

 Тест күні өзіңізбен бірге жеке куәлік немесе паспортты алып келу керек. eGov немесе басқа банк қолданбаларындағы куәлікпен тестілеу орнына кіруге болмайды.

 


7. Басқа да маңызды ақпарат

- Емтиханға онлайн тіркелу бірінші келгендер негізінде жүргізіледі. Сондықтан ертерек аяқталуы мүмкін.

- Корей тілі бойынша біліктілік тестіне тіркелу үшін алдымен онлайн тіркеліп, тест ақысын төлеп, соңында тестке қатысу құжатын алу қажет.

- Тест ақысы, жеке куәлік және сурет міндетті түрде тапсырылуы қажет.

 

* Төлем бойынша ақпарат ауысуы мүмкін болғандықтан Корей мәдени орталығының сайтын қарап отыруыңызды сұраймыз.