Орталық қызметі
2025 жылғы Седжон мәдени академиясы аясындағы K-Beauty курсы
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJul 14, 2025
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ60 Hit
2025 жылғы 12–14 шілде аралығында Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығы Седжон мәдени академиясы бағдарламасының аясында K-Beauty тақырыбындағы үш күндік танымдық курс ұйымдастырды.
Седжон академиясының маманы Ли Чжэ Хун мырза тыңдаушыларға K-beauty саласының 2025 жылғы басты трендтерін таныстырып, макияжға қатысты теориялық дәріс пен тәжірибеге негізделген практикалық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында тыңдаушылар K-Beauty бағытындағы селф-мейкап (өздігінен макияж жасау) трендін тәжірибе жүзінде меңгеріп, курс соңында өз образдарын селфи түсіріп, көтеріңкі көңіл-күймен бағдарламаны аяқтады.
Қатысушыларға белсенділік пен қызығушылықтары үшін зор алғысымызды білдіреміз!
















