바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Корея Ұлттық этнографиялық мұражайының «Корей мәдениеті қорабы» бағдарламасы аясында өтетін «Корей үйі» дәрісі

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 30, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ61 Hit

Корей мәдени орталығы Корея Ұлттық этнографиялық мұражайының «Корей мәдениеті қорабы» бағдарламасы аясында «Корей үйі» тақырыбы бойынша дәріс өтетінін хабарлайды.

Корея Республикасының Ұлттық этнографиялық мұражайы мен Корей мәдени орталығы бірлесіп, корей қоғамындағы дәстүрлі баспанаға арналған дәріс өткізеді. Аталған дәрістің мақсаты — мәдениетаралық түсіністікті тереңдету және корей халқының тұрғын үй мәдениетімен таныстыру. Сонымен қатар, дәріс барысында корей мен қазақ дәстүрлі үйлері салыстырылады. Қызығушылық танытқан барша жанды іс-шараға қатысуға шақырамыз!


Дәріс кестесі

Кезең

Өтетін күні

Қатысушылар саны

1

10 шілде (бейсенбі)

15:00-17:00

30 адам

2

11 шілде (жұма)

18:00-20:00

50 адам


* Дәріс ұзақтығы 2 сағат. Көрсетілген уақытта келе алатындар ғана іс-шараға тіркеле алады.


Дәріс бағдарламасы

- Дәстүрлі «ханок» үйінен бастап заманауи пәтерлерге дейінгі тұрғын үй мәдениетімен танысу;

- «Корей мәдениеті қорабы» көрмесі: ерлер бөлмесі «сараңбаң» мен әйелдер бөлмесі «анбаң» және күнделікті тұрмыстық заттармен танысу;

- «Киуачиб» корей дәстүрлі үйінің моделін жасап бояу шеберлік сабағы.


Тіркелу туралы ақпарат

Өтетін орны: Корей мәдени орталығы
Кім қатыса алады: Корей мәдениетіне қызығушылық танытатын, 13 жастан асқан Қазақстан азаматтары
- Тіркеу мерзімі: 2 шілде (сәрсенбі) мен 4 шілде (жұма) аралығы, сағат 10:00–17:00
(түскі үзіліс: 12:30–13:30)
- Тіркелу тәсілі: Корей мәдени орталығына келіп, тікелей тіркелу

Тіркеу бірінші келгендер тәртібі бойынша жүргізіледі, сондықтан орындар алдын ала толып қалуы мүмкін.
* Іс-шара кестесі ұйымдастырушылардың шешіміне байланысты өзгеруі мүмкін.


한국의집포스터카자흐어