Орталық қызметі

KOREAN CULTURAL CENTER

  • Орталық қызметі
  • Мәдени курстар

2024 СЕДЖОҢ МӘДЕНИ АКАДЕМИЯСЫ

Jul 25, 2024 | 41 Hit

22 – 25 шілде аралығында Корей мәдени орталығында Седжоң мәдениет академиясының каллиграфия курстары өтті. 


Корей каллиграфия қауымдастығының төрағасы, оқытушы Ю Хён Док төрт күн бойы Корей мәдени орталығының корей тілі курсының студенттеріне каллиграфияның принциптері мен құпияларын, сондай-ақ корей тілінде жазу әдістері мен тәжірибелерін үйретті. 



Тыңдаушылар каллиграфия сарапшысының демонстрациясын бақылап, армандар, үміттер, отбасы және махаббат туралы сөз тіркестерін жазуға тырысты. 


Барлық студенттерге қатысқандары үшін алғыс айтамыз. 

Алдағы уақытта да Корей мәдени орталығының әртүрлі білім беру курстарына қатысасыз деп үміттенеміз.


Седжоң мәдениет академиясының бейнесін төменгі сілтеме бойынша көре аласыз.

https://www.youtube.com/shorts/cOUwtNH0MfI?feature=share




































Вложение