바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

2026 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯDec 09, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ31 Hit
Вложение

Корей мәдени орталығы 2026 жылғы көктемгі семестрге арналған корей тілі курстарына тіркелу туралы ақпаратты хабарлайды.


Оқу мерзімі: 24 қаңтар (сенбі) - 14 мамыр (бейсенбі) 2026 ж.

2026 жылғы 9–14 мамыр аралығында — үлгерімді бағалау емтихандары, 2026 жылғы 15 мамырда — сертификат тапсыру рәсімі өтеді.

Сертификат тек үлгерімді бағалаудан өткен жағдайда ғана беріледі. Сондықтан тіркелу барысында осы күндерді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз.

Өтетін орны: Корей мәдени орталығы (Астана қ., Иманов к-сі, 13)

Қатысу талаптары: 13 жастан бастап (туған күні — 2013 жылғы 24 қаңтар немесе одан бұрын)

Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге



Жаңа тыңдаушыларға арналған тіркелу тәртібі (1A деңгейі)

1. Қажет болған жағдайда деңгей анықтау емтиханынан өту

2. Корей мәдени орталығына келіп, өтініш формасын толтыру

3. Тіркелу жарнасын төлеу


Маңызды ақпарат:

• Төлем қабылдау мерзімі: 2025 ж. 20 желтоқсан (сенбі) – 30 желтоқсан (сейсенбі), 10:00–17:00

• ※ Үзіліс уақытында (12:30–13:30) және 20 желтоқсаннан (сенбі) басқа демалыс күндері төлем қабылданбайды.

• Төлем тек қолма-қол ақшамен қабылданады (банк аударымы мүмкін емес).

• Жаңа тыңдаушылар үшін онлайн тіркеу қарастырылмаған, тіркелу тек Корей мәдени орталығына келіп жүргізіледі.

• Орын саны шектеулі, тіркелу алғаш төлем жасағандардан бастап рәсімделеді



Қайта тіркелушілерге арналған ақпарат (1B және одан жоғары деңгейлер)

1. Онлайн тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/CTsqsB8qkahXaUVP9

2. Анкетаны толтыру (төмендегі файлдан жүктеп алуға болады)

3. Тіркелу жарнасын төлеу және құжат тапсыру



Онлайн тіркелуге қажетті құжаттар:

1. Паспорт формасындағы фото

– Өлшемі: 3,5 × 4,5 см

– Форматы: JPG немесе PNG

– Салмағы: 200 КБ-тан аспауы тиіс


2. Жеке электронды пошта (Gmail)

※ Әр тыңдаушы бір ғана аккаунтты пайдалануы тиіс. Мүмкіндігінше өткен семестрде қолданылған аккаунтты пайдалану ұсынылады.



Онлайн тіркелу мерзімі:

– 2025 жылғы 19 желтоқсан (жұма), 17:00-ден бастап


Тіркелу жарнасын төлеу мерзімі:

– 2025 жылғы 20 желтоқсан (сенбі) – 30 желтоқсан (сейсенбі), 10:00–17:00

※ Үзіліс уақыты: 12:30–13:30

※ 20 желтоқсан сенбіден басқа демалыс күндері төлем қабылданбайды.

※ Тіркелу жарнасы тек қолма-қол қабылданады (банк аударымы жүргізілмейді).

※ Онлайн өтінім толтырылғаннан кейін жарна белгіленген мерзімде төленбесе, тіркелу жойылады.

Орын саны шектеулі. Тіркелу жарнасы төленген ретімен қабылданады.


Тіркелу жарнасы:

– 20 000 теңге (төлем жасалғаннан кейін қайтарылмайды)

– Қолма-қол төлеу ғана мүмкін (банк аударымы қабылданбайды)



Деңгей анықтау емтиханы туралы ақпарат

King Sejong институтының сертификаты жоқ, басқа мекемелерде оқыған немесе 2 жыл ішінде алынған жарамды сертификаты жоқ кандидаттар 1B және одан жоғары деңгейге тіркелу үшін деңгей анықтау емтиханын өтуі керек немесе алдыңғы деңгейді аяқтағанын растайтын құжат ұсынуы тиіс


Емтихан тапсыру мерзімі:

– 2025 ж. 20 желтоқсан (сенбі), 10:30–16:30

– 2025 ж. 22–26 желтоқсан, 10:30–16:30

(Үзіліс: 12:30–13:30)

※ Деңгейді анықтау тестіне алдын ала жазылу:

Емтиханға Google Forms(https://forms.gle/mSvyukWiq48xRGWt5) арқылы немесе Орталықтың +7-7172-901-113 нөміріне қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

Емтиханның ұзақтығы: 30 минут (жазбаша бөлім — 20 минут, ауызша бөлім — 10 минут)

※ Күзгі семестрдің үлгерім бағалауын өтпеген студенттер деңгей анықтау тестіне кіре алмайды.

※ Деңгейді анықтау тесті 1B–3A деңгейлері үшін ғана қолжетімді.



Тіркелуге қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін – туу туралы куәлік)

2. Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге

3. Паспорттық форматтағы фото

- 1A бастапқы деңгейі үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, 200 Кб-тан аспау керек

- 1B және одан жоғары деңгейлер үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, JPG/PNG форматында, 200 Кб-тан аспауы тиіс

4. Алдыңғы деңгейдің сертификаты немесе деңгей анықтау тестінің нәтижесі (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін)

5. Тіркеу формасы (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін)

(тіркеу формасын төмендегі файлдан жүктеуге болады)



Көктемгі семестрдің оқу кестесі


시간표


— Көктемгі семестрдегі корей тілі курстары тек Корей мәдени орталығы ғимаратында өткізіледі. Тіркелмес бұрын сабақ кестесімен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз.

— Егер курсқа тіркелген тыңдаушылар саны 10 адамнан аз болса, тиісті топ жабылуы мүмкін.

— Сабақ кестесі Корей мәдени орталығының ішкі жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

— Қажет болған жағдайда, өзгерістер туралы ақпарат семестр басталардан кемінде 10 күн бұрын хабарланады.

— Сабақ басталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде, егер бос орын болса, осы деңгей шеңберінде басқа топқа ауысуға болады.

— Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеу жарнасы қайтарылмайды.



Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 901-113 нөміріне немесе koreanculture@mail.ru электронды поштасына хабарласыңыз.