바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

2025 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯAug 07, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ382 Hit
Вложение

Корей мәдени орталығы 2025 жылғы корей тілі бойынша күзгі семестрге тіркелу туралы ақпаратты хабарлайды.


Оқу мерзімі: 6 қыркүйек (сенбі) - 11 желтоқсан (бейсенбі) 2025 ж.


2025 жылдың 8–11 желтоқсан аралығында – үлгерімді бағалау,2025 жылдың 12 желтоқсанда – сертификат тапсыру салтанаты өтеді.

Сертификат тек үлгерімді бағалаудан өткен жағдайда ғана беріледі, сондықтан тіркелу кезінде бұл күндерді ескерулеріңізді сұраймыз.


Өтетін орны: Корей мәдени орталығы (Астана қ., Иманов к-сі, 13)


Қатысу шарты: 13 жастан асқан тұлғалар (туған күні – 6 қыркүйек 2012 жыл және одан бұрын)


Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге




Жаңа тыңдаушыларға арналған тіркелу тәртібі (1A деңгейі)


1. Қажет болған жағдайда деңгей анықтау емтиханыінен өту

2. Корей мәдени орталығына келіп, өтініш толтыру

3. Тіркелу жарнасын төлеу

– Төлем қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 16–21 тамыз (10:00–17:00);

– Үзіліс уақыты: 12:30–13:30, жексенбіде төлем қабылданбайды;

– Төлем тек қолма-қол қабылданады (банктік аударым жасауға болмайды);

– Жаңа тыңдаушылар тек мәдени орталыққа келіп тіркеле алады, онлайн тіркеу мүмкін емес;

– Орын саны шектеулі, тіркелу алғаш төлегендерден бастап жүргізіледі;



Қайта тіркелушілерге арналған ақпарат (1B және одан жоғары деңгейлер)


1. Онлайн тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSef4tW7k8R7iKO0c1YZ33C8iO3367l6FEuYSdC-ehyvdUTUQQ/viewform?usp=header

2. Анкетаны толтыру (төмендегі файлдан жүктеп алуға болады)

3. Тіркелу жарнасын төлеу және құжат тапсыру



Онлайн тіркелуге қажетті құжаттар:


1. Паспорт формасындағы фото

– Өлшемі: 3,5 × 4,5 см

– Форматы: JPG немесе PNG

– Салмағы: 200 КБ-тан аспауы тиіс


2. Жеке электронды пошта (Gmail)

– Әр тыңдаушы тек бір аккаунт қолдануы тиіс

– Бұрынғы семестрде қолданған мекенжайды пайдаланған жөн

Онлайн тіркелу мерзімі: 15 тамыз (жұма) 17:00 – 20 тамыз (сәрсенбі) 17:00



Тіркелу жарнасын төлеу мерзімі:

– 2025 жылғы 16–21 тамыз, сағат 10:00–17:00

– Үзіліс уақыты: 12:30–13:30, жексенбі күні қабылданбайды

– Тек қолма-қол төлеу (банк аударымы қабылданбайды)

– Белгіленген мерзімде төлем жасалмаса, онлайн өтінім жойылады

Орын саны шектеулі, тіркеу төлем жасалған ретпен жүргізіледі



Тіркелу жарнасы:

– 20 000 теңге (төлем жасалғаннан кейін қайтарылмайды)

– Қолма-қол төлеу ғана мүмкін (банк аударымы қабылданбайды)



Деңгей анықтау емтиханы туралы ақпарат

King Sejong институтының сертификаты жоқ, басқа мекемелерде оқыған немесе 2 жыл ішінде алынған жарамды сертификаты жоқ кандидаттар 1B және одан жоғары деңгейге тіркелу үшін деңгей анықтау емтиханын өтуі керек немесе алдыңғы деңгейді аяқтағанын растайтын құжат ұсынуы тиіс



Емтихан тапсыру мерзімі:

– 14 тамыз (бейсенбі): 11:00–17:00(үзіліс уақыты: 12:30–13:30)

– 18–20 тамыз: 10:00–17:00(үзіліс уақыты: 12:30–13:30)

– Емтиханға жазылу үшін +7 (7172) 901-113 нөмірі арқылы 13 тамызға дейін хабарласу қажет

– Емтихан ұзақтығы: 30 минут (тыңдалым 5 минут, жазба 20 минут, ауызша 5 минут).



! Маңызды ақпарат

– Жазғы семестрдің үлгерім бағалауынан өте алмаған студенттер тест тапсыра алмайды

– Емтихан тек 1B–3A деңгейлері аралығында жүргізіледі



Тіркелуге қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін – туу туралы куәлік)

2. Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге

3. Паспорттық форматтағы фото

- 1A бастапқы деңгейі үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, 200 Кб-тан аспау керек

- 1B және одан жоғары деңгейлер үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, JPG/PNG форматында, 200 Кб-тан аспауы тиіс

4. Алдыңғы деңгейдің сертификаты немесе деңгей анықтау тестінің нәтижесі (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін)

5. Тіркеу формасы (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін)

(тіркеу формасын төмендегі файлдан жүктеуге болады)



Күзгі семестрдің оқу кестесі





— Күзгі семестрдегі корей тілі курстары тек Корей мәдени орталығы ғимаратында өткізіледі. Тіркелмес бұрын сабақ кестесімен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз.

— Егер курсқа тіркелген тыңдаушылар саны 10 адамнан аз болса, тиісті топ жабылуы мүмкін.

— Сабақ кестесі Корей мәдени орталығының ішкі жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

— Қажет болған жағдайда, өзгерістер туралы ақпарат семестр басталардан кемінде 10 күн бұрын хабарланады.

— Сабақ басталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде, егер бос орын болса, осы деңгей шеңберінде басқа топқа ауысуға болады.

— Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеу жарнасы қайтарылмайды.



Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 901-113 нөміріне немесе koreanculture@mail.ru электронды поштасына хабарласыңыз.