바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

2025 жылғы корей тілі бойынша шешендік өнер және шығарма байқауы туралы хабарландыру

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯApr 18, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ179 Hit
Вложение

Корей мәдени орталығы 2025 жылғы корей тілі бойынша шешендік өнері және шығарма байқауының өтетінін хабарлайды.


Шешендік өнер бойынша байқаудың бас жүлде иегеріне (1 адам) Сежоң институтының шақыруымен Кореядағы мәдени бағдарламаға және қорытынды байқауға қатысу мүмкіндігі ұсынылады.

  • Сежоң институтының Кореядағы оқу бағдарламасы: 14 қазан (сейсенбі) – 20 қазан (дүйсенбі) аралығы (жоспарланған/өзгерістер енгізілуі мүмкін)

 

Қатысушылар: Қазақстандағы корей тілін үйренушілер (ата-анасы корей тілін ана тілі ретінде қолданбайтындар)

Бөлімдер: Шешендік өнер, шығарма

  • Екі бөлімге де қатысуға болады

  • Бұрынғы байқауда (шешендік өнер/шығарма) 1-орын алғандар қатыса алмайды (басқа жүлдегерлер қатыса алады).

  • Шешендік өнері: Тек Корей мәдени орталығының Сежоң институтының қазіргі немесе соңғы 1 жылда оқуын аяқтаған оқушылар қатыса алады (басқа Сежоң институттарының тыңдаушылары қатыса алмайды).

 

Тақырыптар (екі тақырыптың біреуін таңдау)

Бөлім

Тақырып

Шешендік өнер

  • 1.Менің сүйікті корейше сөз тіркесім және себебі
    (내가 가장 좋아하는 한국어 표현과 이유)

  • 2.Есте қалған Сежоң институты сабағы
    (가장 인상 깊었던 세종학당 수업)

Шығарма

  • 1._____-дың дүниеге келуі
    (00 탄생)

  • 2.Сежоң институты және менің арманым
    (세종학당과 나의 )

 

Кесте

Қабылдау мерзімі:

  • Шешендік өнер: 21 сәуір (дүйсенбі) – 5 мамыр (дүйсенбі)

  • Шығарма: 21 сәуір (дүйсенбі) – 14 мамыр (сәрсенбі)

  • Шешендік өнер байқауының финалистерін жариялау : 14 мамыр (сәрсенбі)

  • Шешендік өнер байқау күні: 23 мамыр (жұма), 18:30

  • Шығарма байқауының нәтижесін жариялау: 23 мамыр (жұма)

 

Қатысу тәртібі

Шешендік өнер:

5 мамырға дейін келесі құжаттарды contest-kcc@mail.ru поштасына жіберу:

  • 1.Өтініш

  • 2.2–5 минуттық бейнежазба (бет жүзі көрінуі қажет)

  • 3.2–5 минуттық корейше баяндама қолжазбасы (скан)

  • 4.Сол баяндама мәтінінің қазақша немесе орысша аудармасы (қолжазба скан)

 

  • Хат тақырыбы және файл атауы: KOREAN SPEAKING (аты-жөні, корей тілінде)

  • Жазба форматына сай келмейтін құжаттар қаралмайды

  • Видео тек іріктеу үшін қажет, финалға әсер етпейді

 

Шығарма байқауы:

14 мамырға дейін келесі құжаттарды жіберу:

  • 1.Өтініш

  • 2.400–1 200 таңбадан аспайтын корейше мәтін (қолжазба скан)

  • 3.Қазақша немесе орысша аударма (қолжазба скан)

 

  • Хат тақырыбы және файл атауы: KOREAN WRITING (аты-жөні, rus/kaz)

 

Жүлде

Әр бөлім бойынша жеңімпаздар мен үздік 15 қатысушыға Корей мәдени орталығы атынан арнайы сыйлықтар табысталады.

 

Назар аударыңыз

  • Қолжазба скан форматында қабылданады, суретке түсірілген нұсқалар жарамсыз.

  • Шешендік өнері байқауына тек алдын ала жазылған бейнежазбамен және 23 мамыр күнгі байқауға қатыса алатындар ғана қабылданады.

  • Шығарма байқауы жүлделері өтініштегі мекенжайға жіберіледі, сондықтан нақты мекенжай көрсетілуі қажет. Мекенжайды көрсеткенде индекс, қаланың атауы, толық мекенжайды жазу керек. Мысалы: 010000, Астана қаласы, Жұмекен Нәжімеденов көшесі 10, 45 пәтер.

Қосымша сұрақтар бойынша: koreanculture@mail.ru немесе +7-7172-901-113 (~5) нөмірі арқылы хабарласуға болады.