Орталық қызметі
Корея ұлттық операсының«Opera Voyage» гала-концерті
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯMay 19, 2026
Корей мәдени орталығы Корея Ұлттық операсы (Korea National Opera) мен «Астана Опера» театрымен бірлесіп «Opera Voyage» атты опералық гала-концерт өткізеді.
Аталған концерт Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі мен Корей халықаралық мәдени алмасу қорының (KOFICE) қолдауымен жүзеге асырылатын «Touring K-Arts» жобасы аясында өтеді. Іс-шара Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени және өнер саласындағы алмасуды кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Концерт бағдарламасында корей авторлық операсы «Soul Mate» шығармасының негізгі көріністері, әлемге танымал опера ариялары, сондай-ақ корей классикалық әндері орындалады. Көрермендер бір кеште әртүрлі вокалдық репертуармен таныса алады.
Концерт Корея Республикасының классикалық музыка саласындағы ірі байқауларының жеңімпаздары, әлемге танымал жас өнерпаздардың қатысуымен өтеді. Олар Корея Ұлттық операсы жүзеге асыратын жас әртістерге арналған «Корея Ұлттық опера студиясы» (Korea National Opera Studio) бағдарламасының қатысушылары. Жас әртістер корей операсы мен вокалдық музыкасының сан қырлы тартымдылығын ашатын жарқын әрі серпінді өнер көрсетеді.
Баршаңызды концертті тамашалауға шақырамыз!
Концерт туралы ақпарат
Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залы
Астана қ., Дінмұхамед Қонаев к-сі, 1
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 7 маусым (жексенбі), сағат 17:00
Билеттер: Ticketon сайтында қолжетімді
Сатып алу сілтемесі: ticketon.kz
