Орталық қызметі
MNU және «Хангю» клубымен бірлескен «Cherry Blossom Spring Festival»
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯApr 29, 2026
Корей мәдени орталығы 17 және 29 сәуір күндері MNU университеті мен «Хангю» клубымен бірлесіп «Cherry Blossom Spring Festival» іс-шарасын өткізді.
Іс-шара аясында дәстүрлі ойындар, шеберлік сабақтар, және өзге де интерактивті алаңдар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Кореяда академиялық алмасу бағдарламасымен оқып келген студенттердің баяндамалары шараның мазмұнын байыта түсті. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға Кореядағы жаңа оқу семестрінің мәдени ерекшеліктері туралы кеңірек мағлұмат берді.
Сондай-ақ, Астана қаласындағы корейлердің этномәдени бірлестігінің «Мисон» корей дәстүрлі би ансамблі шақырылып, «Чиндо» барабан биімен іс-шараны сәтті аяқтады.







