Орталық қызметі
Қарағандыда 15-ші корей кинофестивалі өтті
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯApr 18, 2026
18 сәуір күні Корей мәдени орталығы Қарағанды қаласындағы «Сарыжайлау» кинотеатрында корей кинофестивалін өткізді. Аталған іс-шара Қарағанды облыстық корей этномәдени бірлестігімен бірлесеұйымдастырылды.
Іс-шара Қарағанды облыстық корей этномәдени бірлестігінің «Саён» самульнори тобының әсерлі өнер көрсетуімен және «Киппым» ансамблінің орындауындағы корейдің дәстүрлі қылыш биімен ашылды. Негізгі бағдарлама аясында «Детектив К: жоғалған аралдың құпиясы» корей фильмі көрсетіліп, көрермендердің зор қызығушылығы мен ыстық ықыласына ие болды.
Бұл кинофестиваль Қарағанды өңіріндегі корей өкілдері мен жергілікті тұрғындардың корей мәдениетін жақынырақ танып, тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.









