Орталық қызметі
Корей суретшісі Хван Сонджонның «Планетарлық өрім (Planetary Weaving)» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯApr 07, 2026
2026 жылғы 7 сәуір күні сағат 15:00-де Корей мәдени орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде корей суретшісі Хван Сонджонның «Планетарлық өрім (Planetary Weaving)» атты жеке көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.
Көрме Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жоба K-GO бағдарламасы аясында Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі мен Корей халықаралық мәдени алмасу қорының (KOFICE) қолдауымен, сондай-ақ LG Electronics компаниясының техникалық қолдауымен жүзеге асырылуда.
Хван Сонджон — заманауи өнер саласындағы кореялық суретші және жаңа медиа бағытындағы композитор. Аталған көрмеде автор соңғы бес жыл бойы дамытып келе жатқан «Танхаму» көркемдік тұжырымдамасына негізделген 10 негізгі туындысын ұсынды. Бұл жұмыстар арқылы суретші технология мен экология, адам денесі мен қоршаған орта арасындағы өзара байланыс мәселелерін қозғайды.
Ашылу салтанаты Корей мәдени орталығы директоры Ку Бон Чхоль мырзаның құттықтау сөзінен кейін Хван Сонджонның дыбыстық-визуалдық перформансымен және көрме кураторы Ли Сухун жүргізген экскурсиямен жалғасты. Іс-шара келушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, жоғары деңгейде өтті.
Көрме 2026 жылғы 7 сәуір мен 24 мамыр аралығында келушілерге ашық болады. Баршаңызды «Планетарлық өрім (Planetary Weaving)» көрмесін тамашалауға шақырамыз.









