바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Медиа-суретші Хван Сонджонның «Планетарлық өрім» атты жеке көрмесі

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯMar 26, 2026

Корей мәдени орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп, корей суретшісі Хван Сонджонның «Планетарлық өрім: Теллуриялық ырғақтар мен тоғысқан естеліктер» атты жеке көрмесіне шақырады.

 

Хван Сонджон өз шығармашылығында адам, табиғат және технология арасындағы байланысты зерттейді. Ол жасанды интеллект алгоритмдері, деректерді карталау, 3D модельдеу сияқты технологиялық медиаларды пайдалана отырып, бейне, инсталляция, перформанс және дыбыс арқылы көпсезімді көркем әлем қалыптастырады.

 

Бұл көрмеде суретшінің соңғы бес жылда дамытқан «Tanhamu» дүниетанымын танытатын 10 туынды ұсынылады. Экспозиция технология мен экология, адам денесі мен қоршаған орта арасындағы байланысты жаһандық деңгейде қайта ой елегінен өткізуге шақырады.

 

Біз осы ғаламшарда бір-бірімізді қалай сезініп, қабылдап, бірге өмір сүре аламыз? Туындылар арасындағы үндес ритммен тыныстап, Жердің үнін тыңдап көріңіз.

 

Өтетін орны: Астана, ҚР Ұлттық музейі (Тәуелсіздік даңғылы, 54)

 

Ашылу салтанаты: 2026 жылғы 7 сәуір, сағат 15:00 (кіру тегін)

Кейінгі күндері кіру ҚР Ұлттық музейінің ережелері бойынша билет арқылы жүзеге асырылады.

 

Музейдің жұмыс кестесі: сейсенбі–жексенбі (10:00–18:00), касса (10:00 – 17:00). 

Әр дүйсенбі – техникалық күн.

 

Билет туралы ақпарат:

https://www.instagram.com/nationalmuseumkz/

Аталған көрме K-GO жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің және Кореяның халықаралық мәдени алмасу қорының (KOFICE) қолдауымен, сондай-ақ LG Electronics компаниясының техникалық демеуімен ұйымдастырылды.



전시 포스터 (카자흐어, 러시아어)



전시 포스터 (카자흐어, 영어)