Орталық қызметі
«Париждегі екі әйел» спектаклі
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJan 29, 2026
Корей мәдени орталығы Кореяның PIAC театр компаниясы және Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрымен бірлесіп «Париждегі екі әйел» қойылымын ұсынады.
Халықаралық бірлескен қойылым аясында Корея, Қазақстан және Ресейдің актерлері бір сахнада өнер көрсетеді.
Спектакль оқиғасы 1940-жылдардағы Парижде өрбиді. Люксембург бағында жолыққан екі әйел – Кореяның алғашқы кәсіби әйел суретшісі, тәуелсіздік жолындағы күрескер На Хэ Сок пен А.Чеховтың «Шие бағы» пьесасындағы қиялдан туған кейіпкер Раневская өткен өмір, жоғалған есімдер, азап пен үміт жайлы сыр шертеді. Нақты тарихи тұлға мен әдеби кейіпкердің тоғысуы арқылы қойылым тәуелсіздіктің мәнін жеке адам тағдыры тұрғысынан ашады.
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры (Астана қ., Қ. Қуанышбаев көш., 8/1)
Күні мен уақыты:
2026 жылғы 14 ақпан (сенбі), сағат 18:00
2026 жылғы 15 ақпан (жексенбі), сағат 18:00
Билеттер: ticketon.kz сайтында
Байланыс:
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры
Тел: +7 (7172) 24-83-23
