바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

«KCC Family» жобасының 9-легіне өтінім қабылдау

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯDec 08, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ26 Hit
Вложение

Корей мәдени орталығы Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты бірге дамытқысы келетін белсенді және бастамашыл жастарды шақырады.

KCC Family — мәдени контент арқылы орталық іс-шараларын қолдап, медиа жұмысын күшейтуге атсалысатын жас әрі шығармашыл қатысушылар тобы.

Жобаға қатысушыларды құнды мүмкіндіктер мен артықшылықтар күтеді — қатарымызға қосылыңыз!


Қызмет бағыттары:

• Мерзімі: 2026 жылғы қаңтар – желтоқсан (12 ай)

• Міндеттері: Корей мәдени орталығының іс-шараларын ұйымдастыру мен ілгерілетуге қолдау көрсету, бейнетүсірілім және монтаж, әлеуметтік желілерге арналған контент дайындау және т.б.


Қатысушылар саны:

• Жалпы: 20 адам

- Іс-шараларды қолдау тобы — 15 адам

- Бейнетүсірілім және монтаж тобы — 5 адам


KCC Family қатысушыларына ұсынылатын артықшылықтар:

• тағайындау туралы сертификат және қызмет туралы анықтама;

• жыл қорытындысы бойынша үздік қатысушыларды марапаттау;

• Корей мәдени орталығының іс-шараларына бірінші кезекте қатысу мүмкіндігі;

• іс-шараларға қолдау көрсету және бейнетүсірілім/монтаж дайындау бойынша көрсетілген жұмыс үшін сыйақы.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

• Қазақстан Республикасының азаматы;

• 17–30 жас аралығы;

• корей мәдениетіне қызығушылық және Корей мәдени орталығының (КМО) іс-шараларына белсенді қатысуға дайын болу;

• Астана қаласының тұрғыны.


Артықшылық берілетін үміткерлер:

• әлеуметтік желілерді белсенді жүргізетіндер (инфлюенсерлер);

• бейнетүсірілім және монтаж дағдылары барлар;

• КМО жобалары мен еріктілік бағдарламаларына қатысқан тәжірибесі барлар;

• корей және/немесе ағылшын тілдерін меңгергендер.


Өтініш беру тәртібі:

• Қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 желтоқсан (сәрсенбі), 23:59

• Құжат тапсыру: өтінішті koreanculture@mail.ru электронды поштасына жіберу

  Қоса берілген өтініш формасын жүктеп, толтырып жіберу қажет.

  Хат тақырыбы және файл атауы: «KCC family 지원(Аты-жөні)».


Іріктеу кезеңдері:


Кезең

Мерзімі

Өтініш қабылдау

31.12.2025 (сәрсенбі) 23:59-ға дейін

Бірінші кезең нәтижелері

08.01.2026 (бейсенбі)

Сұхбат

13.01.2026 (сейсенбі), 10:00–19:00 

(жеке сұхбат)

Қорытынды нәтиже

14.01.2026 (сәрсенбі)

Таныстыру жиыны (발대)

16.01.2026 (жұма), 18:30

Уақыт Астана уақытымен көрсетілген.

Сұхбатқа тек құжаттық іріктеуден өткен үміткерлер шақырылады.

Кесте жергілікті жағдайға байланысты алдын ала хабарланбай өзгеруі мүмкін. Талапқа сай келмеген жағдайда іріктеу нәтижесі жойылуы мүмкін.


Ескертулер:

• Өтініштер тек электронды пошта арқылы қабылданады.

Байланыс деректері немесе фото болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.

• Сұхбатқа немесе таныстыру жиынына қатыспаған үміткерлер іріктеуден өтпейді.


Байланыс:

• Телефон: +7 7172 901 113-5

• E-mail: koreanculture@mail.ru


한국문화원 패밀리 9기 모집 공고