Орталық қызметі
Корей мәдени орталығы SDUмен бірлесе отырып <K-POP Dance Contest & Cultural Fest> II байқауын өткізді
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯDec 03, 2025
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ4 Hit
2025 жылғы 2 желтоқсанда (сс.) Корей мәдени орталығы Қаскелен қаласында орналасқан Сүлейман Демирель университетімен (SDU) бірлесе отырып, «K-POP Dance Contest & Cultural Fest» II байқауын өткізді.
Іс-шараға Алматы облысына қарасты 6 жоғары оқу орнының 9 K-POP би тобы қатысып, жоғары деңгейдегі өнер көрсетті.
1-орынды «Primrose» Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) командасы иеленді,
2-орынды «TeenSpirit» Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің командасы жеңіп алды,
3-орынды «Shadows» Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) командасы қанжығасына байлады.
Биылғы жылдың екінші жартысындағы бағдарлама бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда кеңейтіліп, дәстүрлі фотозонадан бөлек Cultural Fest форматы енгізілді. Қатысушылар мен көрермендер ханбок киіп көру, кимбап пен ттокпокки дәмін татуға арналған аймақ, каллиграфия мастер-класстары сияқты түрлі мәдени белсенділіктерге қатысып, корей мәдениетінің бай мазмұнын тереңінен сезіне алды.
*Шараға төмендегі университеттердің командалары қатысты:
Халықаралық Бизнес университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТ университеті.















