Орталық қызметі
«2025 END OF YEAR CELEBRATION WITH K-COMMUNITY» іс-шарасына қатысуға өтінім беру туралы ақпарат
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯNov 13, 2025
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ48 Hit
- Вложение

Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы корей мәдениетімен айналысатын Қазақстандық қауымдастықтардың өкілдерін 2025 жылы 5 желтоқсанда, сағат 17:00-де, Астана қаласындағы "Арай" банкет залында (Сарайшық көшесі, 13) өтетін «2025 END OF YEAR CELEBRATION WITH K-COMMUNITY» атты жыл сайынғы қорытынды іс-шараның қатысушысы болуға шақырады.
Аталған іс-шара биылғы жылы K-Community қауымдастықтарының атқарған жұмыстары туралы презентациялар мен ерекше көзге түскен қауымдастықтарды марапаттау және сыйлықтар табыстауға арналады.
Іс-шараға корей мәдениетімен байланысты бағытта белсенді жұмыс істейтін Қазақстандағы қауымдастықтардан бір өкілден шақырылады.
Егер іс-шараға қатысуға ниет білдірсеңіздер, осы хабарламаға қоса берілген өтінімді толтырып, 2025 жылғы 17 қарашаға дейін (15:00) koreanculture@mail.ru поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Өтінімдерді қарастыру нәтижелері 2025 жылғы 20 қарашада жарияланады.
Қатысушылар саны шектеулі.
Өзге қалалардан келетін қатысушылардың жол жүруі мен тұруына байланысты шығындар Корей мәдени орталығы тарапынан өтеледі. Жолақының шекті мөлшері, сондай-ақ тұру уақыты мен орны Орталықтың шешімімен анықталады.
Іс-шараның өтетін орны, күні мен уақыты:
Астана қ., 2025 жылғы 5 желтоқсан (жұма), сағат 17:00
"Арай" банкет залы (Сарайшық көшесі, 13)
Іс-шара бағдарламасы:
- 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша корей мәдени қауымдастықтарының презентациялары
- Корей мәдени орталығының келесі жылға арналған K-Community қолдау бағдарламасының таныстырылымы
- K-Community қатысушыларының би қойылымдары
- Үздік қауымдастықтарды марапаттау және сыйлықтар табыстау
- Фуршет
- Интерактивті ойындар