바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

«Ғасырлардан жеткен шабыт...» концерті

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 13, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ141 Hit

Корей Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Корей мәдени орталығы және Алматы қаласы әкімдігі 2025 жылғы 27 маусым (жұмакүні Алматы қаласындағы Республика сарайында Кореяның азаттығының 80 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ғасырлардан жеткен шабыт...» атты мерекелік концерт өткізедіБаршаңызды осы мәдени шараға қатысуға шақырамыз.

 


Іс-шара туралы жалпы ақпарат

Күні мен уақыты: 2025 жылғы 27 маусым (жұма), сағат 19:00

Өтетін орны: Республика сарайыАлматы қаласы

Ұйымдастырушылар: Корей мәдени орталығыАлматы қаласының әкімдігі

Демеушілер: LG Electronics Kazakhstan, Shinhan Bank Kazakhstan

Серіктестер: Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрыАлматы корей ұлттық орталығыАлматы әуендері

 


Концерт мазмұны

Концерт Қазақстан мен Корея елдерінің тарихы мен рухани мұрасын көрсетуге бағытталғанКорей халқының жапон отаршылдығымәжбүрлі көші-қоназаттық кезеңісондай-ақ Абай Құнанбайұлының өмірлік жолы — барлығы битеатр және вокал өнері арқылы сахналанады.

 


Қатысушылар туралы


– Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры

Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры 1932 жылы Қиыр Шығыста құрылдыБұл театр — Корей түбегінен тыс жалғыз мемлекеттік академиялық корей театрыТеатрда корей дәстүрлі өнерінің барлық дерлік жанрлары ұсынылғандәстүрлі корей биі труппасы, «Самульнори» фольклорлық-этнографиялық ансамблідрама труппасывокалды-аспапты ансамбль және жеке вокалистер.

Бүгінде театр — тек Қазақстан кәрістерінің ғана емессондай-ақ бұрынғы ТМД елдеріндегі кәріс қауымдастығы мәдениетінің орталығы болып табыладыСонымен қатаркөпұлтты Қазақстанның мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі.

 

– Алматы әуендеріне қарасты әртістер

«Жаңа Ғасыр» театры

Жас театр «Жаңа Ғасыр» 2018 жылы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен Алматы әуендері КМҚК базасында құрылдыТеатр әртістері — КСРО халық әртісіҚР Еңбек Ері АӘшімовтің шәкірттеріҚазіргі уақытта театр репертуарында Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясыИоганн Штраустың «Жарқанат» комедиясы және басқа да қойылым бар.

«Арқайым» этно-тобы

«Арқайым» дуэтінің орындауындағы «Neo-Ethno-Folk» – бұл мүлде жаңа музыкалық бағытҚобызшы Анар Қасымова мен бірнеше аспапта (домбырасырнайсоқпалы аспаптаройнайтын мульти-аспапшы Абзал Арықбаевтың орындауындағы бұл стиль — әртүрлі этностардың музыкалық қабаттарына негізделгенмузыкалық стильдердің синтезінен құралған композиция.

Дәлел Уашев

Алматы консерваториясының түлегібаритонУфа қаласында өткен «Алтын күз» халықаралық фестивалінің жеңімпазыОның репертуарында қазақ халық әндеріқазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармаларыроманстар бар.

 

– Mezzo тобы

Mezzo — опера мен классикалық музыканы поп элементтерімен біріктіретін классикалық кроссовер стилінде жұмыс істейтін қазақстандық вокалды топТоп құрамында төрт солист бар. 2012 жылы бұл ұжым «X-Factor» тележобасының жеңімпазы атаныпсол жылы «Алтын Адам – Қазақстандағы жылдың таңдауы 2012» марапатына ие болды.

 


Билеттер туралы ақпарат

Тарату мерзімі: 2025 жылғы 11 маусымнан бастапсағат 10:0016:00 (демалыс және түскі үзіліс кезінде – берілмейді)

Орны: Корея Республикасы Елшілігі жанындағы білім беру орталығы (Абай даңғылы 159Ател: +7(7273) 92-91-20 / 23)

Бір адамға екі билетке дейін ғана беріледі.

Орындар бекітілмегенкешіккен жағдайда кіруге рұқсат берілмейді.

 


Қосымша шаралар мен жарнама стендтері

Жарнама стендтері: 17:0019:00 аралығында LG, Shinhan Bank, KTO, aT ұйымдарының стендтері (Республика сарайының фойесінде)

Қосымша шара – «K-pop Random Play Dance»: 16:3017:30, Республика сарайы алдындағы алаңда

Арнайы ұтысойны: LG-ден сыйлықтар ойнатылады (кірген билеттер арқылы)

Жоғарыда көрсетілген қосымша шараларға билетсіз де еркін көруге болады.



카자흐포스터