바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJun 09, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ178 Hit

2025 жылғы 26–28 маусымы аралығында Алматы қаласындағы Республика сарайында Корея Республикасының Елшілігінің Корей мәдени орталығы мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп «Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week» ауқымды іс-шарасын өткізеді. Бағдарлама аясында «Central Asia K-Pop Cover Dance Champion» байқауының финалы, Корея мен Қазақстандық мерекелік концерті, K-Pop және Q-Pop әртістерінің өнер көрсетуі, көрме стендтері мен түрлі көрмелер, сондай-ақ LG компаниясының сыйлықтар ұтыс ойыны ұйымдастырылады.

 

Баршаңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!

 

■ Жалпы ақпарат

Атауы: Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week

Күні: 2025 жылғы 26–28 маусым

Өтетін орны: Республика сарайы, Алматы қаласы

Ұйымдастырушылар: Корея Республикасының Елшілігінің Корей мәдени орталығыАлматы қаласы әкімдігі

Демушілер: LG Electronics Kazakhstan, Shinhan Bank Kazakhstan

Серіктестер: Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы, Корея Республикасының Бас консулдығының сауда бөлімі (KOTRA), Корея туризм ұйымының Алматыдағы өкілдігі, Кореяның ауыл, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясының Мәскеудегі өкілдігі (aT), Корея Республикасы Елшілігінің Білім беру орталығы, Алматы әуендері, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, Алматы корей ұлттық орталығы



■ КОНЦЕРТ БАҒДАРЛАМАСЫ


26 маусым 

(бейсенбі)

«CENTRAL ASIA K-POP COVER DANCE CHAMPION» би сайысы

Сипаттама

Орталық Азия бойынша би байқауының финалы

Уақыты

19:00

Өтетін орны

Республика сарайы

Қатысушылар:

Орталық Азияның 3 елінен келген 12 топ және арнайы қонақ – TNX корей тобы

 [Концерт аясындағы қосымша іс-шара] Кіру билеттері бойынша LG компаниясының сыйлықтар ұтыс ойыны.



27 маусым 

(жұма)

«ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН ШАБЫТ…» мерекелік концерті

Сипаттама

Кореяның азаттық күнінің 80 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік концерт

Уақыты

19:00

Өтетін орны

Республика сарайы

Қатысушылар:

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, Алматы әуендері әртістері («Арқайым» этно-тобы, Дәлел Уашев, «Жаңа Ғасыр» театры), Mezzo вокал квартеті

 [Концерт аясындағы қосымша іс-шара] Кіру билеттері бойынша LG компаниясының сыйлықтар ұтыс ойыны.

 [Қосымша бағдарлама] 16:30–17:30 – K-Pop Random Play Dance (Республика сарайының алаңы)



 28 маусым 

(сенбі)

«ONE BEAT: K-POP & Q-POP» концерті

Сипаттама

K-Pop жанрындағы корей әртістері мен Q-Pop жанрындағы қазақстандық әртістердің қатысуымен өтетін танымал музыка концерті

Уақыты

19:00

Өтетін орны

Республика сарайы

Қатысушылар:

Корейлік TNX тобы, қазақстандық орындаушы ACE (Ninety One)

 [Концерт аясындағы қосымша іс-шара] Кіру билеттері бойынша LG компаниясының сыйлықтар ұтыс ойыны.




■ Билет туралы ақпарат 

Концерттерге кіру тегін билеттер арқылы жүргізіледі 

Билеттерді алу орны: Корея Республикасы Елшілігінің білім беру орталығы (Абай даңғылы, 159А, тел.: +7 (7273) 92-91-20/23)

Билеттерді тарату мерзімі:  (жоспар бойынша) 2025 жылғы 11 маусымнан бастапдүйсенбі - жұма,10:00–16:00 (түскі үзіліс: 12:00–13:00)

* Әр адам әр концертке 2 билеттен артық ала алмайды.

** Билетттер орынды бекітпейді  орындарға отыру келу ретімен жүзеге асады.

*** Іс-шара басталғаннан кейін келген көрермендер залға кіргізілмейді.

 


■ КӨРМЕ СТЕНДТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


26–28 маусым

Іс-шара серіктестерінің промо-стендтерінің жұмысы

Сипаттама

Корей мәдениеті мен өнімдерімен таныстыру мақсатында іс-шара серіктесі болып табылатын корей ұйымдарының промо-стендтері жұмыс істейді, интерактивті бағдарламалар өткізіледі.

Уақыты

17:00–19:00

Өтетін орны

Республика сарайы

Қатысушылар:

Корей мәдени орталығы, KOTRA, Корея туризм ұйымының Алматыдағы өкілдігі, LG Electronics Kazakhstan, Shinhan Bank Kazakhstan және т.б.



■ ҚОСЫМША ШАРА

Іс-шара атауыKorea Brand and Entertainment Expo Almaty

Сипаттама: Негізгі бағдарлама аясында KOTRA «Korea Brand and Entertainment Expo Almaty» іс-шарасын өткізеді. Бағдарлама:

27 маусым (жұма): B2B форматындағы іскерлік кездесулер

- Өтетін орны: Rixos Almaty Hotel (Grand Ballroom)

27 маусым (жұма) – 28 маусым (сенбі): B2C форматындағы көрме және промо-стендтер

- Өтетін орны: «Mega Alma-Ata» СОО

Іс-шараға қатысты жаңалықтарды KOTRA-ның ресми сайтынан таба аласыздар.




<2025 Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week> 행사 포스터(카자흐어)