Еуразия ұлттық университетінде корей мәдениеті бойынша <K-Playground Challenge> іс-шарасы өтті
4 наурыз күні (сейсенбі) сағат 16:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде корей дәстүрлі ойындары көрсетілген «K-Playground Challenge» іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараны Корей мәдени орталығы мен Еуразия ұлттық университетінің «Horangi Club» студенттік клубы бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл іс-шарада қатысушылардың корей мәдениетімен жақынырақ танысуы үшін дәстүрлі корей ойындары – коңги нори, такчичиги, писокчиги бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Осы арқылы іс-шараға қатысушылар корей мәдениетмен оңай әрі қызықты түрде танысып, Кореяға деген қызығушылығы мен түсінігін арттыруға мүмкіндік алды.
- Вложение