Орталық қызметі

KOREAN CULTURAL CENTER

  • Орталық қызметі
  • Іс-шаралар

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН КМО МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМАСЫ

Sep 09, 2024 | 23 Hit

Корей мәдени орталығы 8-9 қыркүйек күндері Астана қаласында екі күндік корей мәдениетін насихаттау шарасын өткізді. Бүл іс-шара 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай өткізілді.

«Қазақ Елі» алаңында өткен осы іс-шара аясында Корей мәдени орталығының шақыруымен Корей күрес федерациясы «ссирым» және Корей ұлттық садақпен ату қауымдастығы мәдени бағдарламаларымен өнер көрсетті. «Ссирым» федерациясы күрестің корейлік күресі әдістері бойынша көрсетілімдер мен шеберлік сыныптарын өткізді. Өз кезегінде садақпен ату қауымдастығы дәстүрлі садақтарды дайындау процесін түсіндіретін бағдарламалар мен корей садағын тарту және ату бойынша көрсетілімдер ұсынды.

Халықтық спорттық шаралардан басқа, Мәдени орталық Кореяның Ұлттық туризм ұйымы және Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылық, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясымен бірлесіп, корей қағазы «ханджи»-ден бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.

Мәдени орталық ұйымдастырған көрмеде дәстүрлі музыкалық аспаптар, соның ішінде бук пен чангу барабандары, тэгым флейталары, корей ұлттық киімдері «ханбок», ширмалар және басқа да дәстүрлі мәдени экспонаттар ұсынылып, келушілердің назарын аударды.






















































Вложение