Орталық қызметі
-
[ФОТО] THE SOUL, D'SIRENS, M.O.V.E.&YoungBlood - Central Asia K-POP Cover Dance Champion ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Jun 26, 2025
▲︎ THE SOUL ▲︎ THE SOUL ▲︎ THE SOUL ▲︎ D'SIRENS ▲︎ D'SIRENS ▲︎ D'SIRENS ▲︎ M.O.V.E.&YoungBlood ▲︎ M.O.V.E.&YoungBlood ▲︎ M.O.V.E.&YoungBlood
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jul 02, 2025 -
Қазақстанды ыстық сезімге бөлеген «One Beat: K-pop & Q-pop» концерті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Jun 28, 2025
2025 жылғы 28 маусым (сенбі) күні сағат 19:00-де Алматы қаласының Республика сарайында «One Beat: K-pop & Q-pop» концертін өткізді. Концерт Корей мәдени орталығы және Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған. Бұл кеште TNX K-pop тобы мен ACE (Ninety One тобының мүшесі) Q-pop орындаушысы сахнаға шығып, мәдениеттерді тоғыстырған жалынды өнерін ортаға салды. Концерт басталмас бұрын Республика сарайының фойесінде корей сәні, корей тағамдары, Кореяның тұтыну тауарлары мен өнімдеріне арналған түрлі таныстырылым және тәжірибелік аймақтар ұйымдастырылды. Концерт барысында LG компаниясының сыйлық ұтыс ойыны өтіп, көрермендер тарапынан қолдау тапты. Бұл концерт Корея мен Қазақстан арасындағы бұқаралық мәдениет алмасудың символына айналған ерекше шара болды. «One Beat» (Бір ырғақ) атауына сай кеш барша көрерменнің жүрегіне жетіп, ортақ қуаныш сыйлаған ортақ алаңға айналды.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jun 30, 2025 -
«Ғасырлардан жеткен шабыт…» Кореяның азаттық алғанына 80 жыл мен Абай концерті өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Jun 27, 2025
Корей мәдени орталығы және Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырған «Korea–Kazakhstan Culture & Trade Week» апталығы аясындағы екінші іс-шара — «Ғасырлардан жеткен шабыт…» концертін өткізді. Бұл концерт Кореяның азаттық алғанына 80 жыл мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтуге арналған. Қазақстанның атақты өнер ұжымдары — Қазақстанның Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Алматы әуендері, сондай-ақ Mezzo тобы сынды өнерпаздар Корея мен Қазақстан халықтарының тарихы мен рухын бейнелейтін өнер туындыларын ұсынды. Алматы қаласындағы Республика сарайына жиналған екі мыңнан астам көрермен бұл кеште екі елдің тарихы мен мәдениетіне қанығып, ортақ рухани құндылықтарды бірге сезінді. Концерт аясында ұйымдастырылған қосымша шаралар ретінде Республика сарайы аумағында K-pop Random Play Dance өткізілді. Ал сарай фойесінде LG, Shinhan Bank, Корея туризм ұйымының Алматыдағы өкілдігі және Кореяның Балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясының Мәскеудегі өкілдігі (aT) сиықты компанияларының ақпараттық стендтері жұмыс істеді.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jun 28, 2025 -
Корей мәдени орталығы «central asia k-pop cover dance champion» сайысын сәтті өткізді ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Jun 26, 2025
2025 жылғы 26 маусым (бейсенбі) күні Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, Қазақстанның экономикалық және мәдени астанасының орталығында орналасқан Республика сарайында «Central Asia K-pop Cover Dance Champion» шарасын өткізді. Бұған дейін байқаулар Орталық Азияның әр елінде жекелеген түрде өтетін болса, биыл алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанды біріктіріп, Корея мен Орталық Азия арасындағы мәдени алмасу алаңына айналды. Үш елден 28 команда өтінім берген байқаудың финалына үздік 12 команда шығып, K-pop би мәдениетіне деген ерекше құштарлықтары мен жоғары шеберліктерін көрсетті. Байқаудың соңында кештің арнайы қонағы ретінде әйгілі корейлік TNX тобы өнер көрсетіп, мерекелік кештің сәнін арттырды. Жоғары бәсекелестік нәтижесінде бірінші орынды BSS тобының CBZ әніне қойған қойылымымен INBLISS командасы иеленді. Екінші орынды — қырғызстандық FACE командасы, үшінші орынды — TEENSPIRIT командасы иеленді. Бұл үш команда Корея Республикасының Чанвон қаласында қазан айында өтетін «K-pop World Festival» байқауына қатысуға өтінім беру мүмкіндігіне ие болды. Корей мәдени орталығының директоры Ку Бон Чхоль: «K-pop пен қазақстандық Q-pop-тың қаншалықты танымал екенін жақсы білемін. Бұл музыкалық жанрлардың бір-біріне оң әсер етіп, бүкіл әлемде тыңдармандардың жүрегін жаулай беретініне үміттенемін. Бұл шара Корея мен Қазақстан арасындағы достықты нығайтудың жаңа қадамы болады деп сенемін», — деп өз пікірін білдірді.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jun 27, 2025 -
«One Beat: K-pop & Q-pop» концертіне шақыру ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Jun 28, 2025
K-pop пен Q-pop-тың ерекше тоғысы! 2025 жылғы 28 маусым (сенбі) күні Алматы қаласындағы Республика сарайында K-pop & Q-pop концерті өтеді. Бұл кеште TNX K-pop тобы мен Q-pop әртісі ACE (Ninety One тобының мүшесі) бір сахнада өнер көрсетіп, жанды баурайтын әсерлі перформанс ұсынады. Сағат 17:00-ден бастап фойеде түрлі ұйымдардың стендтері орналасып, K-fashion, K-food және басқа да корей мәдениетінің элементтері таныстырылады. Сонымен қатар, концерттен кейін LG компаниясының бағалы сыйлықтарына арналған ұтыс ойыны өтеді. Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени үндестіктің бір тамаша үлгісі – One Beat: K-pop & Q-pop концертіне келіңіздер! Іс-шара атауы: One Beat: K-pop & Q-pop Өтетін уақыты: 2025 жылғы 28 маусым (сенбі), 19:00 Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика сарайы (Достық даңғылы 56) Қосымша шаралар: Сағат 17:00–19:00 / Фойеде – әлеуметтік желідегі ивент, K-fashion, K-food және басқа стендтер Концерттен кейін / Концерт залы ішінде – LG компаниясының сыйлықтар ұтыс ойыны Концерт билеттері туралы ақпарат Билеттер: Концерттке кіру тегін билеттер арқылы жүргізіледі. Билетттер орынды бекітпейді – орындарға отыру келу ретімен жүзеге асады. Билеттер тарату мерзімі: 2025 жылғы 11 маусымнан бастап (сәрсенбі), сағат 10:00–16:00 аралығында (демалыс күндері мен түскі үзіліс кезінде (12:00–13:00) таратылмайды), билеттер біткенше Тарату орны: Алматы қаласындағы Корей білім беру орталығы (Абай даңғылы 159А, +7 (7273) 92-91-20 / 23) * Әр адам әр концертке 2 билеттен артық ала алмайды. ** Билетттер орынды бекітпейді – орындарға отыру келу ретімен жүзеге асады. *** Іс-шара басталғаннан кейін келген көрермендер залға кіргізілмейді.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Jun 13, 2025