Орталық қызметі
-
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «NU КОРЕЙ ТОЛҚЫНЫ АПТАЛЫҒЫ – ЧХУСОК» ШАРАСЫ ӨТТІ ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Sep 23, 2024 ~ Sep 29, 2024
Қыркүйектің 17-сі мен 20-сы аралығында (дүйсенбіден жұмаға дейін) Корей мәдениет орталығы Назарбаев Университетіндегі корей мәдениет клубы Korean Club-пен бірлесіп, «NU корей толқыны апталығы – Чхусок» шарасын өткізді. Кореяның Чхусок мейрамын тойлау аясында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мысалы юннори корей ұлттық ойыны бойынша жарыс, ттокпокки жасау бойынша мастер-класс, корей сериалдарын көрсету, хангыль бойынша уоркшоп, мастер-класстар және дәстүрлі ойындар сияқты көптеген шаралар өткізілді. NU студенттері үшін бұл шара Чхусок мейрамы мағынасын түсініп, Корея мәдениетімен жақын танысатын маңызды уақыт болды.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Sep 23, 2024 -
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН КМО МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМАСЫ ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Sep 08, 2024 ~ Sep 09, 2024
Корей мәдени орталығы 8-9 қыркүйек күндері Астана қаласында екі күндік корей мәдениетін насихаттау шарасын өткізді. Бүл іс-шара 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай өткізілді. «Қазақ Елі» алаңында өткен осы іс-шара аясында Корей мәдени орталығының шақыруымен Корей күрес федерациясы «ссирым» және Корей ұлттық садақпен ату қауымдастығы мәдени бағдарламаларымен өнер көрсетті. «Ссирым» федерациясы күрестің корейлік күресі әдістері бойынша көрсетілімдер мен шеберлік сыныптарын өткізді. Өз кезегінде садақпен ату қауымдастығы дәстүрлі садақтарды дайындау процесін түсіндіретін бағдарламалар мен корей садағын тарту және ату бойынша көрсетілімдер ұсынды. Халықтық спорттық шаралардан басқа, Мәдени орталық Кореяның Ұлттық туризм ұйымы және Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылық, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясымен бірлесіп, корей қағазы «ханджи»-ден бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Мәдени орталық ұйымдастырған көрмеде дәстүрлі музыкалық аспаптар, соның ішінде бук пен чангу барабандары, тэгым флейталары, корей ұлттық киімдері «ханбок», ширмалар және басқа да дәстүрлі мәдени экспонаттар ұсынылып, келушілердің назарын аударды. Video #1: Video #2:
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Sep 09, 2024 -
КМО ҚКҚ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫП, АКҰО-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Aug 16, 2024
16 тамыз күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Корей үйінде Корей мәдени орталығы Қазақстан кәрістер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум Корей мәдени орталығы мен Қазақстан кәрістер қауымдастығы арасында корей мәдениетін сақтау және дамыту, сондай-ақ әр түрлі аймақтардағы корей қауымдары арқылы Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды ілгерілету мәселелерінде маңызды рөл атқарады. Корей мәдени орталығы корей мәдениетін сақтау бойынша Қазақстан кәрістер қауымдастығының қызметін қолдау мақсатында ханбок сияқты корей дәстүрлі киімдері, шертпелі музыкалық аспап гаягым және басқа дәстүрлі музыкалық аспаптар сияқты қажетті заттарды ұсынуды жоспарлайды. Сондай-ақ, Корей мәдени орталығы мен Қазақстан кәрістер қауымдастығы еліміздің әртүрлі аймақтарында мәдени іс-шаралар, білім беру бағдарламалары, кино көрсетілімдері және Корея мен Қазақстан арасындағы басқа да мәдени алмасу түрлерін ұйымдастыру бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға келісті. Сонымен қатар, 16 тамыз күні сағат 14:00-де Алматы қаласындағы Mega сауда ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда Корей мәдени орталығы мен Алматы корей ұлттық орталығы бірлесе отырып, Корей орталығының 35 жылдығына арналған «Корей мәдениеті күні» іс-шарасын өткізді. Іс-шара мәдени фестивальге айналды, онда Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры және K-pop топтары сияқты түрлі ансамбльдер мен хор ұжымдары кезекпен қазақ және корей өнерін орындап, алматылықтарға екі елдің биі мен әндерінен ләззат алуға мүмкіндік берді. Іс-шара аясында Корей мәдени орталығы Алматы корей ұлттық орталығына дәстүрлі билерге арналған киімдер, самульнори киімдері және музыкалық аспаптарды табыстау рәсімін де өткізді.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Aug 20, 2024 -
K-POP ACADEMY-МЕН БІРГЕ ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІН АЯҚТАЛУ РӘСІМІ ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Aug 16, 2024
16 тамызда (жұма) Корей мәдени орталығы «2024 жылғы K-POP Academy-мен бірге жазғы семестрін аяқтау рәсімін» Президенттік саябақ амфитеатрында өткізді. Корей мәдени орталығы марапаттау рәсімі алдындағы іс-шара ретінде жазғы семестірді аяқтаған студенттер мен қала тұрғындарына корей мәдениетімен жақынырақ таныстыру үшін корей мәдение стендтер орнатылды. Жазғы семестірін аяқтау рәсімінде бір семестр бойы корей тілін жақсы оқыған студенттерін және K-POP академиясының студенттерін құттықтауға мүмкіндік болды. Аяқталу мерекесі ретінде K-POP академиясының студенттері К-POP би қойылымын орындап, K-POP арқылы біртұтас болуға мүмкіндік берді. K-POP академия мен корей тілі курстарының студенттерін жазғы семестірдің сәтті аяқтауларымен тағы да құттықтаймыз! Шараға қатысты бейнежазбаларды төмендегі сілтемеден көруге болады. (YouTube сілтемесі: https://youtu.be/9wqCPIARC6Y)
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Aug 16, 2024 -
КОРЕЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЗАМАНАУИ БИ КОМПАНИЯСЫ «JUNGLE» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ТУЫНДЫСЫН КӨРСЕТТІ ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Aug 10, 2024
10 тамыз күні (сенбі) сағат 19:00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Корей мәдени орталығының шақыруымен Кореяның Ұлттық заманауи би компаниясының труппасы өнер көрсетті. Қойылымда әрістер «Jungle» атты хореографиялық туынды арқылы көрермендерге әсерлі және ерекше би қимылдарын көрсетті. Іс-шараның мақсаты қазақстандықтарды жоғары сапалы қойылым және бишілердің хореографиясы арқылы корей заманауи би өнерімен таныстыру. Сондай-ақ Кореяның Ұлттық заманауи би компаниясының шығармашылығы арқылы көрермендерге корей мәдениеті мен өнеріне тереңірек енуге мүмкіндік беру осы іс-шара мақсатының бірі. Спектакль барысында 18 биші бірегей қозғалыстар мен инстинктивті сезімдер арқылы адалдық пен жалғанлықтың жоқтығын бейнелейтін джунгли кеңістігін құрды. Заманауи хореографияның алуан түрлілігі арқылы өмірдің әртүрлі аспектілерінде өмір сүру үшін күресті бейнеледі.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Aug 10, 2024